Тау-кен өнеркәсібінде металл кенін өндіру биылғы 11 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға ғана өскен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында металл кенін өндіру индексі 100,2% құрады. Қаңтар-қараша кезеңінде түсті металл кендерін өндіру 5,9%-ға өсті, ал темір рудасын өндіру 20,2%-ға төмендеді. Еске салайық, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,4 пайызды құрады.