No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жалақыдан алынатын бірыңғай төлемді кім, қандай мөлшерлеме бойынша қолдана алады?

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын және микробизнес үшін жалақыдан алынатын бірыңғай төлем енгізілді. БЖЗҚ кімнің енді еңбекақыны төлеу қорымен бірыңғай төлем жасай алатынын және қандай мөлшерлеме бойынша төлей алатынын еске салды.

17.01.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кім қолдана алады?

Жалақыдан бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар аудара алады:

  • Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі.

Олар сондай-ақ қызметкерлердің табысынан бірыңғай төлемді аудару бөлігінде салық агенттері ретінде әрекет етеді.

Бірыңғай төлемге:

  • Қызметкерлердің табысынан алынатын жеке табыс салығы;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • әлеуметтік аударымдар;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар.

Қанша төлеу керек?

Бірыңғай төлем ставкасы:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20,0%;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5%;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8%;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8%;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8%;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3%.

Бірыңғай төлем ставкасындағы зейнетақы жарналарының үлесі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50%;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5%;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42%;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3%;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8%;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38%.

Бірыңғай төлемді қашан жасау керек?

Бірыңғай төлемді аудару мерзімін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмеу керек. Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының банк шотына төлеуге болады. Төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің кірістеріне бастапқы немесе келесі декларацияда салық салудың таңдалған тәртібі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

Қандай пайдасы бар?

Бірыңғай төлемді енгізу арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс, ол енді бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл төлемнің жалпы сомасы бөлек төлемге қарағанда аз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Пинтада” неге қазақша әндер шырқалмайды?

24.03.2023

Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізіледі

18.02.2023

Министр Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөзін айтты

12.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа