No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жылқы еті бір жыл ішінде 16,5 пайызға қымбаттады

11.08.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда тірідей салмақта 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2%-ке артық. Сойыс салмағы бойынша 64,6 мың тонна жылқы сойылды, деп хабарлады Energyprom.kz.

Жылқының басым бөлігі үш өңірде сойылды. Түркістан облысында тірідей салмақта – 14,5 мың тонна және сойыс салмағында – 7,5 мың тонна, Абай облысында сәйкесінше – 13,5 мың және 7,1 мың тонна, Ақтөбе облысында тірідей салмақта – 10,6 мың тонна және сойыс салмағында 5,5 мың тонна.

Осы жылдың алты айында жылқы басы өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ке өскен. 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жалпы 4,1 миллион жылқы болды.

Сондай-ақ қырылған жылқы саны жылына 5,2%-ке өсіп, 2,7 мың басқа дейін жетті. Көбіне Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мал арам өлген.

Шілде айында жылқы етінің орташа бөлшек саудадағы бағасы бір килограмм үшін 2 900 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ке жоғары.

“Солтүстік Қазақстан облысында баға қатты қымбаттаған: бір жылда 28,8%-ке өскен. Жылқы еті қымбаттаған өңірлердің үштігіне сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да енді. Ең аз жылдық баға өсімі Қызылорда облысында 4,5% деңгейінде тіркелді”, – деп жазды Energyprom.

Бір килограмм жылқы етінің ең жоғары бағасы (3,3 мың теңге) елордада тіркелсе, Қызылорда тұрғындары ең арзан (2,3 мың теңге) жылқы етін тұтынып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“БАКАД” арқылы Алматы облысының бірнеше ауданына жеңілдік қарастырылған

21.07.2023

Доллар бағамы сәл арзандады

11.08.2022

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа