Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті.
“Мониторинг нәтижелері бойынша 69 елді мекеннің 10-ы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейіне жатады. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер қалалары. Жыл сайын “Жасыл Қазақстан” ұлттық жобасы шеңберінде еліміздің ірі қалаларында орналасқан 16 кәсіпорында ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда”, – деді Зүлфия Сүлейменова.
Министрдің мәліметінше, 2022 жылы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнен жергілікті бюджетке 98,6 млрд теңге түскен.