No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық компаниялар Ресейдің сауда-өнеркәсіп форс-мажор куәлігін ала алмай отыр

11.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның сыртқы сауда палатасына Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасынан форс-мажор туралы куәлік ала алмаған кәсіпкерлерден 200-ден астам өтініш келіп түсті. «Атамекен»ҚР ҰКП бұл мәселемен сыртқы істер, қаржы, сауда және интеграция министрліктеріне жүгінді.

Ресейге қатысты енгізілген санкцияларға және тауарларды және/немесе компоненттерді жеткізу бойынша логистикалық тізбектің бұзылуына байланысты кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындай алмай отыр.

 «Стандартты процедураға сәйкес Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қазақстан аумағындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың реттелетін сатып алуларындағы шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде форс-мажор туралы анықтамаларды береді. Егер мәселенің тамыры Ресейде орын алса, құжатты Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасынан алу керек. «Атамекен» 2022 жылдың наурызынан бастап көрші елмен хат алмасу мен келіссөздер жүргізуде. Алайда құрылымды диалог құру мүмкін болмады. Сондықтан осы жиынды өткізіп, кәсіпкрлердің мәселелерін шешуге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Спикердің айтуынша, 2022 жылдың ақпанына дейін қазақстандық кәсіпкерлер РФ Сауда-өнеркәсіп палатасынан осындай анықтамаларды еш кедергісіз алып келген. Сондай-ақ, ҰКП-да Ресей тарапынан форс-мажор туралы куәліктерді ұсыну бойынша жүйелі шешімнің болмауына байланысты келісімшарттық міндеттемелерді орындамау бойынша сот процестерін тоқтату қажеттігі айтылды.

Ведомстволар Ұлттық палатаның Ресей мен Еуроодақ елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталарымен кәсіпкерлердің форс-мажор туралы куәлік алу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу бөлігіндегі ұсынысын қолдады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Инфляцияның төмендемеуінің себебі қандай? Сарапшылар пікірі

16.11.2022
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғындары көлік салығы бойынша мемлекетке 3 млрд теңге қарыз

18.07.2023

Арыста тағы бір шеберхана ашылды 

15.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа