Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.
“Е-заң көмегі” жобасы адвокаттардың, заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен “онлайн” өзара іс-қимыл жүргізуге арналған. Жүйеде қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің процестері автоматтандырылған, ол үшін Бас прокуратураның “Е-қылмыстық ісімен” тиісті интеграциялар бар.
Қазіргі уақытта 53 мемлекеттік қызметтің ішінен Egov Mobile мобильді қосымшасында 28 мемлекеттік қызмет, 13 сервис және 5 цифрлық құжат қолжетімді.
Бірінші тоқсанда бұл жүйені мобильді қосымша арқылы кеңес алуға болатындай етіп жетілдіреміз. Біз авторизация мен қол қоюдың Face ID арқылы болғанын қалаймыз, сондықтан қолдан жасау деген болмайды”, – деді спикер.
Бекболат Молдабековтың айтуынша, азамат белгілі бір адвокатты немесе заң кеңесшісін қалай таңдауға болатынын түсінуі үшін адвокаттардың, заң кеңесшілерінің рейтингі болады.