– Оның ішінде тұтынушылық кредиттер көлемі 24,1% – ға 7,6 трлн теңгеге дейін өсті. Қарыз алушылардың жалпы саны 6 868 мың адамды құрады. Мерзімі 90 күннен асатын кредиттердің үлесі 5,6% немесе 461 млрд теңгеге жетті. Мерзімі 90 күннен асатын қарыз алушылардың саны 536 мың адамды құрайды, 2022 жылдың басынан бері 121 мың адамға артты – деп атап өтті М.Әбілқасымова.
Сондай-ақ, ол микроқаржы ұйымдары берген микрокредиттердің көлемі 2022 жылдың 11 айында 42,7% – ға 979 млрд теңгеге дейін өскенін, қарыз алушылардың жалпы саны 1 528 мың адамды құрайтынын хабарлады. Мерзімі 90 күннен асатын микрокредиттердің үлесі 8% немесе 76 млрд теңгені құрады. Мерзімі 90 күннен асатын қарыз алушылардың саны 257 мың адамды құрады, жыл басынан бері 115 мың адамға азайды.