No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтар Telegram арқылы бизнесмендер мен блогерлер атынан алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Қазақстанда жоспарланған Уоррен Баффеттің жабық семинарына шақырту таратылып жатыр. Алаяқтар шақырту үшін 100 мың теңге сұраған

25.07.2022
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандықтар белгілі адамдардың атын жамылған алаяқтардың құрбаны болды. Блогер әрі PR-сарапшы Әлішер Елікбаев есімі алаяқтық схемаларда қолданғанын мәлімдеді. Елікбаевтың айтуынша, оның атынан Қазақстанда жоспарланған Уоррен Баффеттің жабық семинарына шақырту таратылып жатыр. Алаяқтар шақырту үшін 100 мың теңге сұраған.

“Менің парақшаларыма әсер еткен жоқ. Алаяқтар жай ғана балама парақша ашып, ақылы Telegram-арна алып, таныстарыма хабарлама жібере бастайды. Мендегі нөмірлерді алаяқтарға жіберетін фишинг бағдарлама жүктеп алған болармын. Менің ойымша, олар бұл тізім бойынша кездейсоқ хабарламалар жібереді. Мысалы, жақын араласпайтын таныстарым бар, хат алмасып тұрған адам оларға “інішек”, “сен” дейді. Алаяқ екенін осылайша түсінеді, өйткені мен әдетте олармен бұлай сөйлеспеймін”, – деді блогер Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.

Ол жақын достарының зардап шекпегенін, бірақ бір күнде оған ондаған танысы қоңырау шалғанын айтты. Олар хабарламаны оқығаннан кейін сенбей, жеке сұрауды ұйғарған. Соған қарамастан  Әлішер Елікбаев құқық қорғау органдарына хабарласуды жоспарламағанын, әлеуметтік желі арқылы таныстарына ескерту жасағанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де әлеуметтік желіде оның атын пайдаланған шабуылшылар туралы айтты.

“Соңғы бірнеше апта қатарынан әлеуметтік желідегі аккаунттарды бұзу, жалған парақша жасау деректері тіркеліп жатыр. Шабуыл құрбандары арасында көп танымал тұлға бар: бизнесмен, блогер, қоғам қайраткері және т.б. Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-да достарым мен таныстарымнан қаржылай көмек сұралған. Бұл жалған ақпарат! Сақ болыңыз”, – деп ескертті Қарин.

Оқиға туралы “Мемлекеттік техникалық қызмет” (МТҚ) компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне де хабарланды. Олардың мәліметінше, мұндай алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны артып келеді.

“Алаяқтар Telegram мессенджерінде атақты тұлғаның суреті мен деректерін пайдалана отырып, жалған парақша ашқан. Бұл аккаунттар арқылы қаржылық көмек сұраған хабарламалар жіберіледі. Мысалы, Бейбіт Әлібековтің фейк аккаунты жақын туысы ауруханаға түскенін және шұғыл түрде медициналық ұйымның қызметіне ақы төлеу керек екенін, бірақ картасында ақшасы жоқ деп, банк картасына аударуды сұрайды”, – деді МҚТ өкілі.

Бейбіт Әлібеков пен Нұрсұлтан Мағзұмов әлеуметтік желідегі парақшасында жазылушыларына таралып жатқан ақпараттың жалған екенін және олардың атынан алаяқтар әрекет етіп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік техникалық қызмет осы істер бойынша барлық ақпарат, соның ішінде Елікбаевпен болған оқиға Ішкі істер министрлігіне жіберілгенін айтты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

8 жылға бас бостандығынан айырылды: Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот үкімі шықты

20.06.2023

Алматы облысының кәсіпкерлері 7,5 мың сервистік және консультациялық қызмет алды

16.06.2022

Интернет-банкингтегі ақшаңыздан айырылып қалмаңыз

21.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа