No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Қазақтарды сөз қылады”: “Торговый дизайн” компаниясының қызметкері басшылар қазақтарды қорлайтынын айтты

02.06.2023
Жаңалықтар
170
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыдағы тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды сататын компанияның қызметкері басшылық қазақтарды кемсітетінін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бұл туралы Диана Кабирова есімді блогер өз TikTok желісінде мәлімдеді. Қазақ әйел өз оқиғасын блогерге баяндап, басшылық тарапынан қысым көргенін, бірнеше рет соттасқанын айтады.

Әлия 2016 жылы “Торговый Дизайн” компаниясына есепші болып жұмысқа кірген. Айтуынша, қазақтардың арасында әкімшілік қызметте Әлия жалғыз болған. Қалған менеджмент қызметкерлері, бухгалтерлер славян ұлтының өкілдері екен. Қазақтар онда тек қара жұмыс істегенін айтады.

Әлия алғашында бәрі жақсы болғанымен, кейін тікелей кемсітулер, ұлтты қорлау, қазақ тілін менсінбеу фактілерін байқаған. Қазақ тілінде емес, орыс тілінде қызмет көрсетуін талап еткен.

“Қазақтарды сөз қылады. Мұның бәрі ойдан құрастырылған тарих дейді. “Көшеден бұзақы Қайратты тауып алып, соны батыр етіп көрсетті” деп тілдеді. Латын әліпбиіне көшу жобасын мазақ етіп, “оларға сауат ашып не керек, ауылда мал бақсын” деп мысқыл етеді. Жастары қырыққа келген әйелдер адамның бет әлпетін, түсін талқыға салады. Қазақтардың қаралығын сөз еткендеріне қатты таңғалдым”, – деп жазды Әлия.

Әлия оларға қарсылық білдіргендіктен, компания тырнақ астынан кір іздеп, оған тиісе бастаған. Жеті есепшінің ішінен оны ғана салқын қоймаға ауыстырыпты. Ал ол артрит болғандықтан, суық жерлерде отыруға болмайды. Бұл кезде Әлия сотқа жүгініп, өз құқығын қорғап шықты.

“Осыдан кейін оның жұмысы қысқартылғанын айтқан. Компьютердегі С1 бағдарламасын сылтауратып, енді есепші керек емес деген.  Бұл маңызсыз сылтау екенін Әлия түсініп, тағы да сотқа жүгінді”, – деді блогер қыз.

Солай қызметкер өз жұмысына оралды. Десе де оған әлі күн бермейтін көрінеді.

“2020-дан бері дауласыз келеміз. Қысым көрсетеді. Жеті есепшінің ішінде жалғыз мен қазақпын  және маған екі есе төмен жалақы береді. Қалғандары 470 мың алады”, – деген Әлия бейнежазбада.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Мұнай экспорты 19,3% өсті

15.07.2022

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді

20.02.2023

Бизнес-жоспар: Қоян фермасы

29.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа