No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қажылық та, ақша да жоқ: “Zamzam Qazaqstan” компаниясы 120 адамды сан соқтырды

27.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
413
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыдан Меккеге үлкен қажылыққа бармақ боп 120 адам ниеттенген. Олар “Zamzam Qazaqstan” компаниясына әрбірі 2 590 000 теңгеден шығарып өткізген. Кеше Мединаға кірейін деп жатқанында Сауд Арабиясының полициясы қамауға алды. Хадж визасының қолдан жасалғаны белгілі болған, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ата-анасын үлкен қажылыққа аттандырған Баян Сейтжан баяндады. Айтуынша, “Zamzam Qazaqstan” компаниясы үлкен қажылық ұйымдастыруды қолға алған. Данияр есімді компания басшысына сенім артып, қаражаттарын өткізген. Әр адамнан 2 млн 590 мың теңгеден. Баян болса әке-шешесіне деп екі турды 5 млн 180 мыңға сатып алған.

“Ата-анам кеше Мединаға кіру керек болған. Алайда құжаттары дұрыс болмай полиция ұстап, қамауға алды. Кеше түнімен допрос жүргізді. Елшілік пен Муфтияттың көмек қолын созуының арқасында бүгін қамаудан шығарды”, – дейді Баян.

Айтуынша, хадж визасының жапсырмасын қолдан жасаған. Қажылыққа ниеттенгендердің барлығы 60-80 жас аралығындағы қарт.

“Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, ештеңге де жоқ. Даниярдың өзі де жоқ. Ол бұрын “Кәусар” деген компанияны басқарғанын біліп жатырмыз. Ол да осылай алаяқтықпен айналысқан компания” –  деді ол.

Баян Сейтжанның әділдік пен көмек іздеп қақпаған есігі, бармаған жері жоқ. Прокуратура, ішкі істер департаменті, сыртқы істер министрлігіне дейін шағымданған. Бірақ құзырлы органнан еш мардымды жауап ала алмаған.

Қазіргі уақытта 120 адамның тағдыры не болары әлі белгісіз. Елге кері қайтарылады деп Муфтият пен елшілік қызметкерлері тергеуден шығарып алған. Алайда елге аман-есен оралғандарынша қонатын баратын да, қонатын да жері жоқ. Арабша, ағылшынша бір сөз білместен тосып отыр.

Байланысты Материалдар

AI Ұлыбритания экономикасын 5 жылда 10% арттыра алады, дейді Microsoft бастығы – BBC

18.09.2025

Дулуттағы genabis genabis сейсенбіде сауықтыруға жұмсалады … 4: 20-да.- Жұлдыз Трибунасы

18.09.2025

Біріккен авиакомпаниялар Ньюарк әуежайындағы «Ньюарк» әуежайында үлкен жалдау туралы хабарландыру жасайды

18.09.2025

Фьючерстер күтілді;Сатып алу ұпайларының жанында жеті акция – инвесторлардың бизнесі күн сайын

18.09.2025

Тарифтер SPARK: Dovish 25BP немесе Hawkish 50BP ставкасы

18.09.2025

У.С. Қытайдан шыққан американдықтарды жеңіп алды – Вашингтондағы ПОСТ

18.09.2025

Ұсынылатын материалдар

Дүниежүзілік акциялар АҚШ долларынан кейін бағаланғаннан кейін бағалар Сыйақы мөлшерлемесіне үміткерлерді есепке алу үшін ралли

14.08.2025

Жеңіс күніне арналған шеру биыл да болмайды

25.04.2023

Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы агенттік қызметкерлеріне пара берген

30.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа