No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер көп

Бүгінгі күні Қонаев қаласында 107 тұрғын үй, 5 мектеп пен 2 емхананың құрылысы басталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

13.02.2023
Жаңалықтар
99
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қонаев қаласының бас жоспары таныстырылды. Онда қаладағы кәсіпкерлік нысандарды көбейтуге аса мән берілген.

Бүгінгі таңда Қонаев қаласының аумағы 9 мың га құрайды. Жаңа жоспар бойынша қала шекарасы 19 мың га болады.

Демографиялық болжамға сәйкес, Қонаев қаласы халқының саны 2050 жылға қарай 200 мың адамға жетеді.

Негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі шекара аумағында орналасады. «Жаңа Іле» алаңында әлеуметтік, тұрғын үй және мәдени нысандар салынады.

«Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені су туризмін жедел дамытуға мүмкіндік береді. Болашақта сервисті халықаралық деңгейге жеткізіп, ірі жарыстар мен спорттық жиын өткізу жоспарлануда. Ойын бизнесі аймағы мәдени ойын-сауық нысандарымен біріктірілген жағдайда жетекші халықаралық туристік аймаққа айналады», – дейді бас жоспарды жасаушылар. Яғни, қаланың дамуындағы негізгі бағыттардың бірі – бизнес-нысандарды көбейту болмақ.

Сонымен қатар, бүгінде қалада 107 тұрғын үй, 5 мектеп пен 2 емхананың құрылысы басталған.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаланы дамытуға үкімет тарапынан көмек берілетінін және Қонаевқа келген инвесторларға жағдай жасалатынын айтты.

«Облыстың әлеуеті зор. Инвесторлардың қызығушылығын көріп отырмыз. Үкімет кейбір жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударатын болады. Мысалы, қаланың жаңа бөлігінде инфрақұрылым салу, сондай-ақ ескі қаладағы тозған инфрақұрылымды жаңарту. Осы салада атқарылатын жұмыс көп. Қолдау көрсетіледі», – деді ҰЭМ басшысы.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Техникалық тексерістен өтпеген шетелдік көлік иесі айыппұл төлейді

06.12.2022

Алматыда “Алан” спорт кешені ашылды

13.01.2023

Қазақстанның қарбыздары Ресей нарығында

21.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа