No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қошқар көтеруден рекорд қойған жігіт 5 күнде 500 шақырым жүгіріп өтті

07.05.2023
Жаңалықтар
76
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым бес күнде бес жүз шақырым жүгіріп өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Қорғаныс министрінің атынан Бауыржан Әбдіхайымды спорттағы тамаша жетістігімен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады. Шараны ұйымдастырушылар Қазақстанда осындай уақытқа жүгіру алғаш рет өткенін айтты.

Марафоншы Қарағанды облысының Ақжал ауылынан елордаға дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Ол өзінің бұл жетістігін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арнады.

 

Қарағанды тас жолымен Астанаға жүгіріп келген спортшы Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимаратының жанында мәреде тоқтады. Марафоншы Бауыржан Әбдіхайыммен салтанатты кездесу рәсіміне бес жүзге жуық адам қатысты.

Жеңіл атлет Бауыржан Әбдіхайым жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спорт тек дене шынықтыруды ғана емес, ерік-жігерді нығайтып, жауынгерлік мінезді қалыптастыруға тәрбиелейтінін атап өтті.

– Бұл менің ғана жеңісім емес, осы күндері қасымда болып моральдық тұрғыда мені қолдаған барлық әріптестерім мен туыстарым, достарымдікі.  Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бәрін жасадым. Әрине, оңай болған жоқ, бірақ алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылғанда ғана нәтиже болатынын дәлелдедім, – деді рекордсмен.

Марафоншымен бірге бір қарқынды ұстап тұру үшін 61993 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі – капитан Асылбек Адеитов пен ефрейтор Бекзат Сейітжан кезек-кезек жүгіргенін атап өткен жөн.

Бауыржан Әбдіхайым – Түркістан облысы Қарақоныр ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының коменданттық взводында қызмет етеді.

Одан өзге де биыл Алматыда өткен Наурыз мерекесі кезінде ол 50 келі қошқарды 2050 рет көтеріп, өз рекордын жаңартқан.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілі спортшының бұл марафоны айрықша екенін және бұл олардың басылымына енгізілгенін растады. Енді әскери қызметші Бауыржан Әбдіхайымның әлемдік рекордты бекітуге өтінім бермек ниеті бар.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда сары май өндірісі төмендеді

22.08.2022

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 6,9%

14.10.2022

Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

04.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа