No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанайда саяжай иелері жер телімдерін сот арқылы қорғап қалды

08.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қостанайда жер телімдері үшін әкімдікпен соттасқан саяжай иелері жеңіске жетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі inbusiness порталына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдік олардың жерін 60 көпқабатты баспана тұрғызуға бермекші болған. Алайда, тұрғындар осыншама қарсылық танытып, іс насырға шабады деп ойламаса керек. Судья билік өкілдерінің әрекетін заңсыз деп тапты.

Юбилейный саяжайындағы 311 жер телімінің 100-ге жуығында тұрғындар тіркелген. Қаладан бір үй ала алмаған жандар осында бала-шағасымен күнелтіп жүр. 10 жылдап тұрғызған баспаналарының сүріліп, орнына көпқабатты үйлер салынатынын ақпарат құралдарынан естіп, аң-таң болыпты. Әкімдікке барып қарсылық танытқанмен еш нәтиже шықпаған. Ақыры сотқа жүгінді.

“Біз қарапайым халық жеңдік. Енді біз бұнымен тоқтамаймыз. Біз жерімізді ешкімге бермейміз. Біз тұрып жатқан үйімізді ешкімге бере салмаймыз. Біз тоқтамаймыз. Бізге тиіспесін”, деді “Юбилейный” саяжайының тұрғыны Ақмарал Жабаева.

Жаңадан бой көтерген шағын ауданның шеті саяжайға келіп тірелді. Әкімдік құрылыс аумағын әрі қарай кеңейтіп, мұнда  көпқабатты 61 тұрғын үй салуды ұйғарған. Құрылыс компаниясы саяжай иелеріне шағын отбасыға арналған үйден бір пәтер беріп, айырбас жасамақшы екен.

“Қалайша 8 сотық жер телімін 19 шаршы метр бөлмеге айырбастауға болады? Бір сотық жердің құны  1 млн 600 мың теңге. Бізді жайымызға қалдырмаса Президентке дейін барамыз”, деді Саяжайдағы жер телімінің иесі Екатерина Пупина.

Әзірге сот тұрғындардың сөзін сөйлеп, саяжайдағы баспаналарды сүру жұмыстарын тоқтатты.

“Сот шешімімен Юбилейный 2 шағын ауданының 2-кезекте жоспарлау жобасын бекіту туралы қаулы заңсыз деп танылды.  Себебі жергілікті атқарушы орган аумақта құрылыс жүргізу қайта жоспарлау ниеті туралы азаматтарды хабардар ету тәртібін бұзған”, деді  Қостанай облыстық сотының Баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едікова.

Алайда, әкімдік соттың бұл шешімімен келіспей, 2 айда шағымдануы да мүмкін. Билік өкілдері алған бетінен қайтпаса мұнда қанды “Шаңырақ” оқиғасы қайлатана ма деген қауіп бар.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматыда ірі базар мемлекетке қайтарылады

18.07.2022

Арыста балық шаруашылығы өркендеуде

21.11.2022

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан экс-медбике ұсталды

27.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа