Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының динамикасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, қыркүйекте ұлттық валюта бағамы 0,9%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 476,53 теңгеге жеткен.
Әлия Молдабекова бір ай бойы ұлттық валютаныңқолайсыз сыртқы факторлар қысымына ұшырағанын атап өтті.
“Бірінші кезекте, нарық қатысушыларының сентиментіне әсер еткен геосаяси қақтығыстардың өрши түскенін атап өтуге болды. Сонымен қатар, бұрын атап айтқандай, қыркүйек айы бойы әлемдегі монетарлық жағдайлар күшейе түсіп, мұнай бағасы төмендеді. Теріс факторлардың әсеріне қарамастан, валюта нарығы теңгерімді болды. Ұлттық Банк интервенцияларды жүзеге асырған жоқ. Теңге-доллар жұбы бойынша биржалық сауда-саттық көлемі тамызбен салыстырғанда біршама қысқарды”, – деді ол.
Сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың сатылымдары валюта нарығына қолдау көрсетті.
“ЕДБ арқылы валюта нарығында сатылған кіріс көлемі 583,5 млн долларды құрады. Қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату 85,1 млн АҚШ долларына тең болған”, – деп қосты Ұлттық банк төрағасының орынбасары.