No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер органдарымен соттасып жүр

Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер органдары  соңғы алты айда мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде сотқа 127 өтініш берген. Әр іс бойынша сотқа кем дегенде екіден төрт кәсіпкерге дейін тартылуда, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

30.09.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың айтуынша, өңірде мемлекеттік кірістер органдарымен бюджетті толықтыру мақсатында кәсіпкерлік қызметіне жиі араласу фактілері орын алуда.

«Республика бойынша көрсеткіштерді қарап, жергілікті мемлекеттік кірістер органдары бюджетке салық пен тиісті төлемдердің түсуін арттыру жолы ретінде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды емес, көбіне жазалау тәсілін қолданып жатқанын атап өткім келіп отыр. Бір ғана мысалы, мәмілелерді жарамсыз деп тану бағытындағы жұмыстар. Осы жылдың алты айында мемлекеттік кірістер органдары мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде сотқа 127 өтініш берген. Әр іс бойынша сотқа кем дегенде 2-4 кәсіпкерден тартылып жатыр. Соттың тек бірінші сатысында қаралу мерзімі 3 айды құрайтынын ескерсек, апелляциялық, кассациялық сатыларын қоса есептегенде кәсіпкердің аталған дау үшін 3 айдан 1 жылға дейінгі уақыты кетеді», – деді шарада Пірмұхаммед Сыздықов.

Бүгінгі күні Қызылорда мемлекеттік кірістер органдарымен сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою бойынша республика көлемінде Алматы, Астана қалаларынан кейін 3 орында тұр.

«Бірінші үштікте орналасқан облыстарда тіркелген орта және шағын бизнес субъектілерінің санына қарай талдау жасасақ, Қызылордамен салыстырғанда Алматы қаласындағы кәсіпкерлер саны 5 есе, Астанада 3 есе көп. Біздің өңірде әрбір 150-ші кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарымен сотта дауласып жүр деп айтуға негіз бар», – деді Палата директоры.

Кірістер органдарының берген мәліметіне сүйенсек,  Қызылорда облысында  соңғы 3 жыл көлемінде 1535 салық төлеуші тіркеу мекенжайын өзге өңірге ауыстырған.

Облыс прокуроры Нұрлан Бижанов көтерілген әр өтінішке қатысты тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Сонымен бірге, жақын күндері прокуратураның Кәсіпкерлер палатасымен бірге барлық ауданда бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастыратынын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

23.12.2022

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Турцияның қай жерінде велосипедке қолайлы жол бар?

18.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа