No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Райымбек Баталов ШОБ-ты қаржылай емес қолдауды жалғастыруды ұсынды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты.

27.09.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» ҚР ҰКП ұлттық жоба аясында қаржылай емес қолдау бойынша келесі құралдарды жүзеге асырып жатыр:

  • сервистік қолдау;
  • ақпараттық қамтамасыз ету;
  • іскерлік байланыс.

2021 жылдан бастап 102 мың клиентке 321 мың қызмет пен консультациялар көрсетілді. Соның ішінде 43 мың клиентке сервистік қолдау бойынша 50,5 мың қызмет көрсетілді, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 59 мың клиентке 271 мың консультация берілді. «Іскерлік байланыс» құралы аясында 32 қатысушы шетелдік тағылымдамадан өтті. Клиенттерге қызметтердің 85%-дан астамы оффлайн және 15%-ы онлайн режимде көрсетілген.

 «Қолдаудың мұндай шаралары бизнесті дамыту үшін тиімді және қажет. Біз осы қызметтерді әрі қарай іске асыруды жалғастыруды ұсынамыз. «Іскерлік байланыс» құралын іске асыруға қаржыландыру бөлуді жалғастыруды ұсынамыз. Өйткені жоба кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтуға, сондай-ақ шетелдік компаниялардың Қазақстанға келуіне ықпал етеді. Бұдан басқа, іскерлік байланыс бойынша шараларды тоқтату ҚР мен ГФР арасындағы үкіметаралық келісімнің шарттарына қайшы келеді», – деді Райымбек Баталов.

Спикер аудандарда консалтингтік компаниялардың болмауына байланысты өңірлерде қаржылай емес қолдау көлемін ұлғайту және көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту қажеттілігі барын атап өтті. Райымбек Баталов «Сервистік қолдау»  құралдарын «ақпараттық қамтамасыз ету» құралымен біріктіруді ұсынды. Өйткені «сервистік қолдау»  облыс орталықтарында ғана ұсынылған және шеткері аймақтарда көрсетілмейді. Сондай-ақ ҰКП басшысы қызметтер маркетплейсін (қаржылай және қаржылай емес шаралар) құру жолымен аудандарда бизнес үшін онлайн қызметтер сервистерін кеңейтуді ұсынды.

 «Екі қызмет түрін біріктіру ШОБ субъектілерін қамтуды ұлғайтуға, аудан орталықтарындағы қажеттіліктер бойынша мамандандырылған қызметтерді атаулы көрсетуге мүмкіндік береді. Өнімділікті арттыру және бизнестің көлеңкеден шығуын ынталандыру үшін қаржылай емес қолдау шараларының мамандануын жақсартуды ұсынамыз. Кәсіпкерлерді атаулы оқыту бойынша бірнеше өңірдің оң тәжірибесіне, аудандар мен басым салалардың экономикалық мамандануына сүйене отырып, оны ауқымды ету және қаржылай емес қолдау тақырыптарын қалыптастыру қажет деп санаймыз. Мысалы, ауыл шаруашылығын жүргізуге бейім аудандарда қой шаруашылығын, бақша шаруашылығын оқыту», – деп атап өтті ҰКП басшысы.

Сонымен қатар Райымбек Баталов шағын және орта бизнес тізілімін қалыптастыру және оларды шешуге бағытталған бағдарламалардың негізіне айналуы тиіс аудандардағы проблемалар туралы айтты:

«Атамекен» техникалық және қызмет көрсету кәсіптері бойынша кәсіптік дайындау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін жүргізу арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қатысады. Қазіргі кезде Тізілімге 707 білім беру ұйымы енгізілді. Олардың 66%-ын кәсіпкерлік субъектілері ашқан, соның ішінде:

– 276 оқу орталығы кәсіпорындар жанынан,

– 219 оқу орталығы колледждер жанынан,

– 191 – дербес оқу орталығы,

– 11-і – қауымдастықтар және 10-ы жоғары оқу орындары жанынан ашылған.

2021 жылы 16 мың адам оқуға қатысты, оның 14 мыңы жұмысқа орналастырылды (87%). 2022 жылдың 8 айында 3,1 мың қазақстандық оқып шықты, олардың 2,2 мыңы жұмысқа орналасты (72%).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша ең өзекті мамандықтар: тігінші, аспаз, наубайшы, бухгалтер,  шаштараз.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматыда жеті зауыт іске қосылады

28.07.2022

Дәрігерлер Құрбан айт мерекесі қарсаңында халыққа үндеу жасады

21.06.2023

Финтех дегеннен хабарыңыз бар ма?

28.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа