Игорь Кимге тиесілі «Сейф-Ломбард» ЖШС «Торғай Орталық Азия» серіктестігін сатып алды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Сейф Ломбард» ЖШС Қазақстан қор биржасына берген мәліметінде «Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Сейф-Ломбард» ЖШС (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың 24 шілдесінен бастап «Торғай Орталық Азия» ЖШС-нің 100% қатысу үлесіне ие болғандығы туралы хабарлады», – делінген «Сейф Ломбард» ЖШС-ның Қазақстан қор биржасына берген хабарламасында.
Осылайша, енді Игорь Ким иелік ететін «Сейф-Ломбард» ЖШС құрамында жеті компания бар. Олар: «Торғай Орталық Азия» ЖШС; «Сейф-Финанс» ЖШС (Ресей); «Seif Lombard» ЖШС (Өзбекстан); Cashdrive ltd (Қазақстан); «Seif car» ЖШС (Қазақстан); «Береке» микроқаржы ұйымы (Қазақстан); «Cashdrive kz» ЖШС (Қазақстан).
EGov мәліметінше, Алматы қаласында тіркелген «Торғай Орталық Азия» ЖШС: өзге де автокөлік құралдарын көтерме саудада сату; Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалдау ; Құрылыс жабдығын оператормен жалға беру; Автомобильдерге арналған бөлшектер, түйіндер мен жабдықтарды көтерме саудада сату; Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын көтерме саудада сатумен айналысады.
«Сейф Ломбард» ЖШС компаниясы 2009 жылы құрылған, оның акцияларының 98%-ы Ресей азаматы Игорь Кимге тиесілі. Компанияның қаржы есептілігінде келтірілген деректерге сәйкес, компания негізінен жылжымалы мүлікті кепілге алып, несие берумен айналысады.
2022 жылы «Сейф Ломбард» ЖШС «Береке» микроқаржы ұйымы мен «Seif car» ЖШС -ні сатып алған. Ал, 2021 жылы «Сейф-Финанс» ЖШС (Ресей), «Cashdrive ltd, «Seif Lombard» ЖШС компанияларының 100% үлесін иеленді.
Айта кетейік, Игорь Ким Ресейдегі Экспобанктың негізгі акционерлерінің бірі.