Салық департаменті бақылау кассалық машинасын қайта бағдарлау қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Модельдері мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерлер 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өзінің барлық жұмыс істеп тұрған БКМ-ін қайта бағдарламалауы қажет, – делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларды ФДҚ қолдауды тоқтатады. Осыған байланысты барлық кәсіпкерлерге 2.0.2 хаттамасының нұсқасы бойынша БКМ алдын ала жаңарту ұсынылды.