Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау, сондай-ақ Respublica партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Қайрат Бегалин мен Жалынбек Жайнарбай Ұзынағаш ауылындағы Сауна ғимаратында ұйымдастырылған “Арман дала” лагеріне барды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Сапар барысында лагерде балалардың демалуы үшін жағдай жасалмағанына, Елеулі бұзушылықтарға жол берілгеніне куә болдым. Сонымен қатар, лагерь бұрынғы саунаның бейімделген ғимаратында орналасқан”, – деді мәжілісмен Нұргүл Тау Facebook парақшасында.
Қызмет көрсетуші – “БелРичи” ЖШС. Мәжілістің айтуынша, мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн теңгені құрайды. Жоспар бойынша жазғы демалыс арқасында 1150 бала қамтылуы тиіс.
“Мемлекеттік сатып алулар қалай өткізілгені туралы мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу туралы сұрау жіберілді. Білім министрлігінің мәліметінше, жақын арада балалар басқа лагерьлерге жіберіледі. Бұл мәселе менің жеке бақылауыма алынды”, – деді депутат.
Бұған дейін желіде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан Алматы оқушыларының қала сыртындағы балалар лагерінің орнына сауна ғимаратына қалай орналастырылғанын көруге болатын бейне таратылды. Қаланың білім басқармасы жосықсыз қызмет көрсетушімен сотқа тартылатынын хабарлады.