No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Семей атауы Алаш болып өзгеруі мүмкін бе?

08.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда Семей қаласының атауын Алаш деп өзгертуді талап еткен петиция пайда болды деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Құжат авторлары тарихи деректерге жүгініп отыр. Идеяның бастамашыларының пайымдауынша,  Алаш – қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы «қазақ» атауының көне баламасы және бүкіл қазақ халқының ортақ ұраны.

Семей деген сөз – “Семипалатинск” сөзінің қазақша қысқартылған түрі. Ал Семипалатинск “Семь палат” сөзінен шыққан. Яғни Жеті шатыр, бұрын қалмақтардың жеті буддалық ғибадатханалары болған. Кейін қазақ-жоңғар соғысында қазақтар бұл жерді қайтарып алды.

1917 жылы Петроград қаласында қазақ саяси партиясын құруға шешім қабылданды. Партияның жоспарын жазуға Жаһанша Досмұхамедов, Уәлитхан Танашев, Мұстафа Шоқай және Айдархан Тұрлыбаевтарға тапсырылды. 1917 жылғы 5 қазанында «Қазақ» газетінің редакциясы партияның атауы ата-бабамыздың ұраны болған «Алаш» сөзін ұсынды.

Әлихан Бөкейхан бастаған «Алаш Орда» халық кеңесінің өкілдері Орынбор қаласынан Семипалатинске келіп желтоқсан айында өткен жиналыста осы қала жаңа Қазақ автономиясының астанасы болады деп шешім қабылдады.

1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз), Семей облыстық қазақ комитетінің басшысы Райымжан Мәрсековтің ықпалымен қаланың «Заречная слободка» деп аталатын бөлігін «Алаш қаласы» деп атау туралы шешім шықты. Бұл оқиғаға қатысты архивтік деректер сақталған.

Бірақ 1918 жылдың 16 ақпанында билікке Кеңес одағының мүшелері келіп жоспар жүзеге аспады. Осындай өткен ұлы бабаларымыз ұлты үшін, жері үшін жан тапсырған, басын бастап аяқталмай қалған істерін біз алаш ұрпақтары жалғастырайық. Соның бірі қалаға Алаш зиялылары армандаған Алаш атауын беру. Кемені қалай атасаң, солай жүзеді. «Жеті шатыр» деп «ядролық шатырлар» өтті бұл өңірде. Енді Алаш деп бастасақ өсеміз, өркендейміз!

Ал енді Алаш сөзінің мағынасы (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.

Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) «Қаған алты бөріг алаш(а) ерті» деген жолдар бар. Тағы кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньбиғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар.

Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.

Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жырында («Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы»), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында («Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен»), Махамбеттің («Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.

1917 жылдан 1920 жылға дейін Қазақстанда «Алаш» партиясы болған. Қазір Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Алаш ауылы бар.

2007 жылы бұл қала Семей деп аталды, ал оған дейін орысша Семипалатинск делінетін. Айта кетейік, Қазақстанда 50 мыңнан астам дауыс жинаған петицияны Үкімет деңгейінде қарау жоспарланып отыр.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Елде кәсіпкерлер мүлде қорғалмаған”: Шағын және орта бизнес өкілдері салық органдары тарапынан жүргізілген негізсіз тексерістерге шағымданды

30.11.2022

Психологиялық тест: Сіздің ақша табу қабілетіңіз қандай?

17.11.2022

Франшиза сатып алуда алданып қалмауға кеңес

04.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа