No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Серік Жұманғарин: Мемлекеттің міндеті – бизнес үшін қолайлы жағдай жасау

26.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта өңдеу мәселелері талқыланды.

 

Жиын Түркістан облысының бизнесмендерімен кездесуді жалғастыру үшін ұйымдастырылды. Вице-премьер Астанадағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, салалық қауымдастықтар мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерін жинады. Күн тәртібінде елде мақтаны толыққанды өңдеуді қалай қамтамасыз ету және жеңіл өнеркәсіптің дамуын қолдау болды.

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1396 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 816 – тігін кәсіпорны, 461 – тоқыма өндірісі бойынша, 119 – былғары және оған қатысты өнімдер шығарады. Елдің ЖІӨ-дегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1%, өңдеуші өнеркәсіпте 0,8%-ды құрайды.

 

Бүгінгі таңда отандық киім және аяқ киім нарығы негізінен реттелетін сатып алулар мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

 

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, биыл жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, бекітілді. Оған шикізат базасын дамыту, шикізатты қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіптің отандық өндірушілерінің қуатын арттыру, инвестициялар тарту, әлемдік тәжірибені енгізу және экспортты дамыту жөніндегі шаралар кіреді.

 

Алайда, жеңіл өнеркәсіп проблемаларын шешу бірден экономиканың бірнеше секторына, ең алдымен, АӨК-ке әсер етеді. Шитті мақта өндірумен дәстүрлі түрде Түркістан облысының фермерлері айналысады. Қазақстанда жылына орта есеппен 327 мың тонна мақта өндіріледі, бірақ қазақстандық кәсіпорындарда барлық шикізатты қайта өңдеуге мүмкіндік жоқ.

 

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы мақта өнеркәсібінің әлеуеті бар деп сендіреді. Тек мемлекеттік қолдау шаралары қажет.

 

Бизнестің пікірінше, тиімді шаралардың бірі – жеңіл өнеркәсіп өнімдерін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай пулына біріктіру. Сонда отандық тауар өндірушілер мемлекеттік тапсырысқа кепілді қол жеткізе алады.

 

«Бұл жағдайда біз мемлекеттік кәсіпорындарға қанша өнім қажет екенін көретін боламыз», — деп атап өтті «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бірлестігінің төрағасы Гүлмира Уахитова.

 

Өз кезегінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысының өкілі жеңіл өнеркәсіптің қазақстандық кәсіпорындарына матаның және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруды, өндіріс технологиясын жақсартуды, Қазақстанның күш құрылымдары үшін арнайы киім жеткізетін қазақстандық брендті әзірлеуді ұсынды. Өз тарапынан мемлекеттік органдардың өкілдері тапсырыс берушілер отандық тауар өндірушілер өнімнің лайықты сапасын қамтамасыз еткен жағдайда, жеңіл өнеркәсіп үшін сатып алудағы жергілікті қамту үлесін 30-дан 70%-ға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.

 

Сондай-ақ кеңесте жаңа тоқыма фабрикаларын салу, инвесторларды тарту, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын АЭА басым салаларының тізбесіне қосу, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына преференциялар беру бойынша ұсыныстар айтылды.

 

«Мемлекеттің міндеті – бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, ал инвесторлар келеді», — деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

 

Соңында вице-премьер жыл соңына дейін жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту бойынша барлық ұсыныстарды шоғырландыруды және оларды келесі кездесуге ұсынуды тапсырды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржылық тәуелділіктпен құтылу факторлары

11.01.2023

Балалар мен жастар қаржы пирамидасының қармағына қалай түседі?

29.01.2023

Алматы облысында жастар «Балық мектебінен» тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар

23.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа