ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы” жарлығына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.
Атап айтқанда, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторийді 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту ұсынылды.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барып тексерулер мен профилактикалық бақылауды тоқтатсын, делінген құжатта.
Алайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жатпайды.