No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шамалған бекетіндегі теміржол өткеліне “Сергек” қойылды

04.03.2023
Жаңалықтар
84
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан Шамалған бекетіндегі теміржол өткеліне “Сергек” камералары қойылды, деп  хабарлайды kazbusiness.kz.

Бұл бастама облыс прокуратурасы мен полиция департаментінің бірлескен  «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасы бойынша  іске асырылды.

“Бір айда мобильдік топтармен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 158 бұзушылықтар анықталды, олардың 39 жойылды. Мысалы, Қарасай ауданы Шамалған теміржол өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған, делінген прокуратураның баспасөз-хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірер жыл бұрын дәл осы теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушісі мерт болып, бірнеше адам жарақат алған.

Сонымен қатар, Алматы облысының прокуратурасы берген мәлімет бойынша, аталған жоба аясында Қарасай  ауданына қарасты  «Алматы-Жандосов» жолында Қаскелең қаласының бұрылысында бағдаршам орнатылды.

Әкімшілік полициямен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жаяу жүргіншілер өткелі және басқа да шектеуші жол белгілерінің жоқтығы фактілері бойынша ұйғарымдар енгізілді.

Райымбек және Жамбыл аудандарының мобильдік топтарымен малды сәуле шағылыстыратын таспамен қамсыздандыру бойынша жұмыс атқарылды, бұл жүргізушілерге түнгі уақытта ЖКО алдын алу бойынша шараларды уақтылы қолдануға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 32 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, нәтижелері бойынша 384 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде 32 көлік құралын масаң күйде жүргізу үшін жазаланды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту жойылмақ

10.03.2023

Bitcoin тағы 2022-стильді түрлендіргіші? Міне, сіз білуіңіз керек! – амбкрипто

06.05.2025

Бизнеске қатысты 400 заңсыз қозғалған іс тоқтатылды

29.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа