No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шелек ауылының маңы қоқыс полигонына айналды

Прокуратура мерзімі өтпей жатып қоқыстан табылған дәрілерге де қатысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді

26.01.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұрғындардың айтуынша, ластанған аумақ қоршаусыз жатқандықтан белгісіз адамдар мұнда келіп көрінген затты төгіп кетеді. Тұрмыстық қоқыс қана емес, медициналық қалдықтарды да, тіпті жануар өлексесін де тастайды екен. Ал оны қаңғыған иттер кеміріп, кейде ауыл ішіне тасиды

«Қоқыс алаңы қоршалмаған. Ешқандай белгі де қойылмаған. Ол жер асты суымен ауылдарға барады. Бәрі сол суды ішіп отыр. 4-5 малым бар еді, өлді», – деді Шелек ауылының тұрғыны Ерқанат Байжарасов.

«Қаладан шыққан қоқысты полигонға әкеліп, төгеді. «Қайдан келдің?» деп сұрағанымызда, жүргізушілер қаладан келгенін айтқан», – деді Шелек ауылының тұрғыны Нұрмұхамед Мұхамеджан.

Қоқыс даласына айналған аумақта төгілген мына қара сұйықтықтың не екенін дөп басып айта алмаймыз. Алайда тұрғындардың сөзіне сенсек, одан келер зиян көп. Ал жердегі қоқыстың  шашылып жатыр. Айта кетсек, қоқыс басқан аумақтың иесі бар. Ол азамат ЖШС ретінде дәл осы қалдықтарды өңдеу сынды қызмет көрсетуі тиіс болған. Мұны өздері де мойындап отыр.

«Шелекте қоқыс төгетін арнайы орын жоқ. Ең жақыны Талғар ауданында орналасқан. Біз инвестициялық бағдарлама арқылы қоқыс өңдеу полигонын салуға өтініш бердік. Яғни, медициналық қалдықтарды өртейтін арнайы пеш қойдыру жоспарда бар. Алайда жерге иелік етуге рұқсатты 1 жыл бұрын ғана алдық. Енді іске көшу үшін экология комитетінің жауабын күтіп отырмыз», – деді  «Балис» ЖШС атқарушы директоры Олжас Тойшыбеков.

О баста мәселені 1 жыл ішінде реттеймін деп сөз берген кәсіпкер мекемеден жауап қашан келетінін білмейді. Алматы облыстық экология департаментінің өкілі болса, мораторийге байланысты дәйексіз тексеру жүргізе алмайтынын айтты.

«Президенттің жарлығына сәйкес, кіші және шағын бизнеске тексеру тоқтатылды. Комитет рұқсат берген жағдайда ары қарай прокуратураға тіркеуге жібереміз. Ал тіркелсе, департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады», – деді облыс бойынша экология департаментінің бөлім инспекторы Данияр Өмірбеков.

Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында аудандық прокуратураға да бардық. Құзырлы орган өкілдерінің дерегінше, тиісті мекемелер тексеру жұмыстары бойынша жауапты 30 қаңтарға дейін беруі керек.

«Жер «Балис 2007» ЖШС-ға инвестпроект бойынша берілген. Сол инвестпроект бойынша жобаның іске асу заңдылығын тексеріп жатырмыз», – деді Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары Айдос Жұмабаев.

Прокуратура мерзімі өтпей жатып қоқыстан табылған дәрілерге де қатысты тексеру жүргізетінін мәлім етті. Заттай айғақ ретінде алынған қораптар экспертизаға жолданбақ. Айта кетсек Алматы облысының өзінде 355 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, біразы ретке келтірілгенімен, әлі де тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Түркістанда автокөлікке арналған фильтр өндіріледі

20.09.2022

Жиһаз өндірісі бойынша Алматы облысы үздік үштікте

11.11.2022

“Ақнар”: айына 700 литр түйе сүті өндіретін кәсіпкер туралы не білеміз?

05.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа