«Жалпы, адам әлеуетін дамыту – маңызды мәселенің бірі. Осы орайда, шетелден дарынды жандарды елге тарту қажет. Әсіресе, шығармашылық және кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен азаматтарды шақыру керек. Мен тиімді көші-қон саясаты туралы айтып отырмын», – деген Мемлекет басшысы сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажеттігін атады.
«Ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына жеңілдік жасалады. Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді. Шетел кәсіпкерлері он жылға виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік алады.Бірақ олар экономикамызға 300 мың доллардан астам инвестиция салуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.