Сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстаған болатын. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.