Кәсіпорынды салу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде индустриялық аймақ аумағында жер учаскесі бөлініп, инфрақұрылым тартылды. Кәсіпорын 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, тамақ және фармацевтика өнеркәсібі үшін жылына 200 млн. астам шыны ыдыс шығарады. Жобаның құны – 3,8 млрд. теңге.
Сол жерде министр «QAZALPACK» жеңіл металдардан орау материалдарын шығаратын зауытқа барды. Мемлекет зауытқа «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде банктік қарыздың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды.
Кәсіпорынның құны 23,4 млрд. теңгені құрайды, оның жобалық қуаттылығы сусындарға арналған 500 млн.дана алюминий банкалар мен қақпақтар жиынтығын шығаруға мүмкіндік береді. Өткізу нарықтары – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан. Заманауи жабдықтар мен өндіріс процестерін толық автоматтандырудың арқасында зауыт . Зауытта 150 адам жұмыс істейді.