No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Сигма-Газ» ЖШС газ бағасын заңсыз қымбаттатқан

Естеріңізде болса, 7-қаңтарда аталған мекеме көгілдір отынмен қамтитын Қарасай ауданындағы бірнеше елдімекеннің жүздеген тұрғыны Шамалған ауылындағы әкімдік алдында бас көтерген болатын. «Сигма кетсін!» деп ұрандаған жұртшылық серіктестіктің газ бағасын негізсіз көтеріп жатқанына наразылықтарын білдірген – kazbusiness.kz

13.02.2023
Жаңалықтар
28
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғындарының өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Сигма-Газ» ЖШС қызметіне 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде табиғи монополиялар туралы заңнама мен Кәсіпкерлік кодекс нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Атап айтқанда, ТМРКД тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтердің негізділігін, сондай-ақ тұтынушылар үшін тауарлық газды сатуға арналған бөлшек бағалардың баға белгілеу тәртібінің сақталуын тексерді.

Осылайша, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларын сақтамау фактілері, уәкілетті органға, атап айтқанда Алматы облысы бойынша ТМРКД-ға тауарлық газды газ тарату жүйелері бойынша тасымалдау қызметтеріне тарифтерді бекітуге олардың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өтінім берілмеуі бөлігінде анықталды.

Бұдан басқа, тексеру жүргізу шеңберінде тауарлық газды бөлшек саудада өткізуге ҚР Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген баға белгілеу тәртібінің сақталмағаны да белгілі болды.

Осыған байланысты Алматы облысы бойынша ТМРКД анықталған бұзушылықтарды жою бөлігінде «Сигма-Газ» ЖШС атына ұйғарым шығарды, сондай-ақ «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі және 167-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама жасады, олар 280 АЕК (966 000 теңге) және 300 АЕК (1 035 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейді.

Нәтижесінде «Сигма-Газ» ЖШС-не жалпы сомасы 2 млн. теңгеден астам айыппұл салды.

Сондай-ақ, «Сигма-Газ» ЖШС Алматы облысы бойынша ТМРКД-ға газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарауға өтінімдермен жүгінуге бұйрық берілді.

Табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтері мен бағаларын қалыптастырудың ашықтығы туралы қосымша хабарлаймыз, оларды бекіту ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ерекше бақылауында болады.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

ТЖМ басшылығы 4 млн теңгеге дейін пара алу күдігі бойынша ұсталды

20.07.2023

Инвестор нені білуі тиіс?

24.01.2023

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге үндеу жасады

29.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа