Кеше Akhbar.fouri порталы 3 ай бойы қираған үйінділердің астында жатып аман қалған адамның табылғанын мәлімдеді. Құтқарушылар осынша уақыт бойы тамақ және сусыз жатқан адамды үйінділер астынан алып шыққан, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Желіде кең таралған кадрлардан азаматтың азып кеткенін байқауға болады. Портал мәліметінше, құтқарылған сириялық қазіргі уақытта дәрігерлер қарауында. Алайда оның қалай аман қалғаны туралы әлі дерек жоқ.
Айта кеткен жөн, ақпан айында 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкінісі Түркияның оңтүстік-шығысындағы провинциялар мен Сирияда болды.
Наурыз айындағы мәліметтер бойынша, Сирияда жер апатынан 5,8 мыңнан қаза тапқан. Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан Сирияның 400 мыңнан астам тұрғыны зардап шеккен. Үйінділердің астынан 1,5 мың адам құтқарылды.