Украинадағы соғысқа өз еркімен барғысы келетін Байқоңыр қаласы тұрғындарына ақша төленеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 46 қаулысына сәйкес, Украинада жүріп жатқан арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген Байқоңыр қаласының тұрғындарына әлеуметтік қолдау ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген”.
Өтініш берген күннен бастап әскери қызметші көрсеткен шотқа төлем қаражаты 20 жұмыс күнінде аударылады.
Төлем тәртібіне сәйкес әскери қызметші немесе оның өкілі Байқоңыр қаласы әкімдігінің халықты әлеуметтік қорғау бөліміне белгіленген нысан бойынша біржолғы төлемге өтініш береді. Әскери қызметшілерге біржолғы төлем қаражаты қаралғаннан кейін олардың өтініштерінде көрсетілген Ресей Федерациясының кредиттік ұйымдарындағы шоттарға аударылады.