No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СҚО өңірді өзі өндіретін құс етімен 100% қамтамасыз етуге дайын

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда ӘКК арқылы жеңілдікпен несиелендіру бойынша пилоттық жоба аясында ашылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің нәтижелері Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге СҚО Аққайың ауданы, Ленин ауылында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен өткен кездесуде таныстырылды.

16.01.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Өңір әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі жылда СҚО-да ашылған құс фабрикаларының арқасында бүгінде облыста кәсіпорындар толық қуатқа шыққаннан кейін құс етінің 100% импортты алмастыруы үшін қажеттінің бәрі бар.  Мәселен, 5 мың тонна ет өндіретін «Северный бройлер» құс фабрикасы облыстың құс етіне деген сұранысын 50%-ға дейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл 170-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отырған ауылдық округтегі алғашқы ірі инвестициялық жоба, оның 90%-ы – жергілікті тұрғындар.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есептелген табыстылығы қарызға алынған ақшаны дер кезінде қайтаруға мүмкіндік береді. ӘКК арқылы несиелендіру механизмі қаражатты уақытылы қайтаруды және жоба бастамашылары үшін барынша қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді, кепіл шарттарын үнемдейді (кепіл ретінде сатып алынған техника мен мал қабылданады).

Көптеген жобаларды толық жүзеге асыру үшін 1,5-2 жыл қажет. 2021-2022 жылдары 7 бағыт бойынша 35 ірі жоба іске асырылды. Бүгінде СҚО-ның барлық аудандары сүт кешендерінің құрылысымен қамтылған.

Құрылысқа жергілікті мердігерлерді тарту, отандық жеткізушілерден материалдар сатып алу, өңделетін жем-шөп дақылдарының алаңдарын және қайта өңдеу үшін өндірілетін шикізат көлемін ұлғайту, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу, жаңа жұмыс орындарын құру, ауылдарды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды салу. Мұның бәрі синергетикалық әсер көрсетеді.

Жобаларды іске асырудан соңғы 2 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндірісі 17,5%-ға немесе 35,3 мың тоннаға (201,8-ден 237,1 мың тоннаға дейін) өсті. Бүгінгі таңда облыс дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады (Қазақстан бойынша өндіріс – 819 мың тонна, оның ішінде СҚО – 188,4 мың тонна (23%).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне келер болсақ, 2021 жылы «Әдемі Астық» ЖШС жаңадан бой көтерген Айыртау ауданы Прекрасное ауылында 600 басқа арналған сүт кешені салынды. Кәсіпорын жүйе құрушы болып отыр, инвестор өз қызметкерлеріне үй салып, ауылды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық салынғанға дейін ауылда бір ғана үй болса, қазір үй саны 30-ға жетті.

«Біздің алдымызда елдің сүт, құс еті мен көкөністерге деген қажеттілігін өзі толығымен жабатындай ету міндеті тұр. Бүгінде бұл саладағы ең жоғары құзыреттер – СҚО-да. Өңір агроөнеркәсіп өндірушілеріне жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну бойынша ауқымды жобаны іске асырудың бастамашысы болды, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін көріп отырмыз. Біз бұл жобаны қуатты жем-шөп және өндірістік база құрылған басқа өңірлерде де кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бұл жобаны ертерек іске асыру және тезірек нәтиже алу үшін қажетті жағдайлар. Суару жобаларын қолдауға дайынбыз. Біз сіздерді жобаға қатысуға шақырамыз және осындай мүмкіндіктері мен кеңейтуге ұмтылысы бар барлық тілек білдірушілерді барынша қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар бүгінде біз тауар өндірушілерге өнімді өткізу үшін ең жақсы жағдай жасау үшін сауда желілерімен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Серік Жұманғарин фермерлерге кездесу барысында.

2022 жылғы 13-14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары облыстың бірнеше ауданында болып, Тайынша ветеринарлық зертханасының қызметімен, ветеринарлық-санитарлық зертхананың, «Солтүстік» ӘКК арқылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша пилоттық жобаларға қатысушы кәсіпорындар – «Зенченко және К», «Қызылжар сүт» сүт-тауарлы фермалары, BioOperations крахмал зауыты, жылыжайлар, көкөніс қоймалары және «Радуга» ЖШС қағаз өндірісі зауыты, «EMC Agro» шошқа фермасын кеңейту кешені, Новоникольский ауылындағы әлеуметтік нысандарының жұмысымен тынысты. Жақын арада вице-премьер өндірушілермен кездесу үшін басқа аграрлық облыстардың кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қытайға жер сатылып жатқан жоқ:министрлік желідегі ақпаратты жоққа шығарды

21.05.2023

75K-ден астам Көз күтімінің өнімдері бізді еске түсірді: зардап шеккен заттардың тізімін қараңыз – New York Post

15.05.2025

275 млн теңге: “Самұрық-Қазына” қорының басқарма мүшелерінің табысы

05.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа