No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Starbucks кофехананың брендке айналу жолы қандай?

18.11.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Starbucks — әлемдегі ең ірі кофехана. Оның елу жылдық тарихы — кішігірім дүкеннен бүгінде бүкіл әлемге әйгілі бизнес-империяға дейінгі жол. Kazbusiness.kz сайты кофехананың брендке айналу жолы туралы ақпарат дайындады.

Алғашқы қадамдар

Кофеге деген сүйіспеншілік Сан-Франциско университетін бітірген үш досты біріктірді. Жазушы Гордон Боукер, тарих және ағылшын тілі мұғалімдері Зев Сигл және Джерри Болдуин ортақ кәсіп ашуды көздейді. Үшеуі 1300 доллардан жиналады. Ол ақша жеткіліксіз болғандықтан, несие алады. 1971 жылдың наурызында Сиэттлде шағын дүкен пайда болды. Онда олар сапалы кофе дәндерін және оны дайындайтын құралдарды сатады. Осылайша қаладағы алғашқы кофехана ашылады.

Starbucks-тің негізін қалаушылар Peet’s Coffee-дің иесі Альфред Питпен бірігіп жұмыс істейді: олар одан кофе дәндерін сатып алып, қалай қуыруды және дұрыс таңдауды үйренеді. Содан кейін Гордон, Зев және Джерри кофені тікелей жеткізушілермен жұмыс істеуды жөн көреді. Сол уақыттан бастап достар өздерінің мейрамханаларын құрып, кампуста екінші дүкенді ашады. Көп ұзамай фирмалық өнімдердің каталогы шығарылып, пошта арқылы тапсырыс саудасы басталады. 1979 жылы Peet’s Coffee-ді сатып алып, өздері дайындайтын болды.

Неге Starbucks деген атау берілді?

    Starbucks-ті жасаушылар шығармашыл адамдар болғандықтан компанияның атауы Герман Мелвиллдің «Ақ кит» романымен тікелей байланысты.

Ақ китті қуып шыққан кейіпкер Старб құрметіне кофехана осылай аталды.

Логотип

Кофеханың алғашқы логотипінде екіқұйрықты су перісі бейнеленді. Кейіннен логотиптің өзгеруіне байланысты су перісінің бейнесі де өзгеріп отырды. Су перісі матростарды қызықтырады деген оймен қойылған.

Алғашқы жеңіс

Старбакстың жетістігі Ховард Шульц есімімен тығыз байланысты. Оны компанияны құрушылар кәсіптерін дамытуға көмектесу үшін жұмысқа алады. Кейіннен үш дос қиындыққа төтеп бере алмай, Старбаксқа Ховард иелік етеді.

Осы дарынды кәсіпкердің жетекшілігімен Starbucks кофе желісі бүкіл әлемді жаулап алды.Шульц Миланға сапар шеккен кезде итальяндық кофеханаларға ғашық болады. Кейіннен ол Америкада тек кофе дәнін сатпай, оны әзірлейтін осы бір тәжірибені қайталағысы келеді. Алайда бұл идея қолдау таппайды. Осыдан соң Шульц Старбакстан кетеді де, Gionale кофеханасын құрады. Екі жылдан кейін Starbucks-ты сатып алады.

Сонымен әйгілі компанияның алғашқы кофеханалары Сиэттлдің сыртында, Чикагода, Ванкуверде ашылды. Қазіргі таңда әлемнің 75 елінде 29 мың сауда орны бар.

Компанияда 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Жетістікке жету қағидасы

    1. Жайлы атмосфера

Бастысы — кофе емес

Адамдар Starbucks-ті кофесі үшін ғана емес, компанияның бүкіл тарихы бойында ұстап тұра алған ерекше атмосфера үшін жақсы көреді.

Музыка

Барлық қалада орналасқан мейрамханада бір мезгілде бірдей музыка ойнайды. Сіз Алматыда тыңдап отқан әнді Нью-Йорк, Сиэтл және әлемнің басқа да қалаларындағы қонақтар дәл осы әуенді естиді.

Орналасу ерекшелігі

Компания үшін клиенттердің күн сәулесінен рахаттануы өте маңызды. Сіз алдыңғы есігі солтүстікке қарайтын бірде-бір Starbucks кофе-дүкенін таба алмайсыз. Есік әрқашан оңтүстікке немесе шығысқа бағытталған.

2. Маркетингтік стратегиялар

Брендті жылжыту үшін маркетологтар қарапайым, бірақ қызықты ойлап табады. Олардың бірі — қолды күйдірмеу үшін қағаз шыныаяқтың үстіне киетін гофр картоннан жасалған сақина.

Тағы бір «ерекшелік » — кофеханалар желісінде бірнеше жылдан бері сатылып келе жатқан әйгілі Starbucks термо кружкалары.

3.Бай меню

Бүгінгі күні Starbucks кофеханаларында кофенің тек таңдаулы сорттары ғана емес, сонымен қатар қосымша ассортимент — түрлі сироптар мен шайлар, десерттер де бар.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнес-жоспарды құрудың басты қағидалары қандай?

23.12.2022

Ақмола облысында өсімдік майын өндіру 34% — ға төмендеді

01.08.2022

Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес үшін жеңілдікпен шағын несие ала алады

17.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа