No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Startup day» – жас кәсіпкердің шам шырағы

24.06.2022
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ХБА колледжі базасында «Startup Day» өтті. Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері үздік жобаларды таныстырды.

Шара басында студенттер «Qaynar Bulaq» коворкинг орталығында өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Көрме креативтілік пен түрлі идеяларға толы болды. Ішінде тосынсыйы бар шамдардан бастап, тафтинг технологиясымен тоқылған авторлық кілемдерге дейін бәрін балалар өздері жасаған.

«Біз студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытумен айналысамыз. Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту шеңберінде түрлі іс-шаралар өткіземіз. Біз «Мен кәсіпкермін» республикалық байқауының белсенді қатысушыларымыз, онда балаларымыз үнемі жүлделі орындарға ие болады. Биыл байқауға еліміздің 145 колледжінен 250-ден астам жоба қатысты. Осындай ауқымды байқауларға дайындалу үшін біз «Startup Day» күнін өткіземіз. Бұл күні біз тәлімгерлерді, тренерлерді шақырамыз. Олар болашақ кәсіпкерлерге кеңес береді. Мұндай өзара іс-қимыл жобаларды іске асыруда өте тиімді», – деп атап өтті ХБА колледжінің директоры Альфия Хисматуллина.

 Айта кетейік, ХБА колледжі 2010 жылы Қазақстандағы ең үздік бизнес жоғары оқу орындарының бірі саналатын Халықаралық бизнес академиясының негізінде құрылған болатын.

Шара барысында  студенттер, интернет дүкендерді сату және жүргізу саласында «vnutri svechki», сурет сату бойынша үш бірдей  жобаны, plenka_anticvariat «Антиквариат» интернет дүкені, «Almaty Rugs» түрлі дизайнмен тафтингтік кілемдері, «almaty.gift.box», велосипедтерді жалға беру «Favorite». Сондай-ақ, «Paradise» демалыс аймағы», «artemmarketolog» маркетингі және кәсіби роликтер мен клиптер әзірлейтін мобилография саласындағы жобаларды көптің назарына ұсынды.

Әлеуметтік негізі бар жобалар ерекше көзге түскен. Мысалға,  Милан Левченконың жануарларға деген сүйіспеншілігі үлкен жобаға айналып,  «Котопес» үйсіз жануарлар қоғамдық қоры құрылды. Бүгінгі таңда қорда көшеден табылған жүзден астам мысық пен 30-ға жуық ит бар. Қор жануарларды уақытша ұстауға алады, содан кейін емдеп, олар үшін жаңа иелерді іздейді.

Ал «Prom.Arts» жобасында  мүмкіндігі шектеулі балалар салған суреттерді және суретшілердің жұмыстарын насихаттайды. Сонымен қатар көрмелер мен аукциондарды ұйымдастырады.

Жас кәсіпкердің бірі Татарова Севиль экологияға алаңдайды. Колледж студенті эко қарындаштар ойлап тапты. Басты идея – өсімдіктің тұқымы қарындашқа салынады. Эко қарындаш қолдануға жарамсыз болған кезде, оны топыраққа қадап қойса, бір аптадан кейін капсуладан өсімдік  өсіп шығады.

Жас дарындар жобаларын таныстырғаннан кейін,кәсіпкерлер балаларға арналған семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізді. Суретшілер одағының мүшесі Гауһар Қасенбай қыш өнері бойынша шеберлік сабағын өткізіп, кәдесый бұйымдарын қалай безендіруге болатынын көрсетті. Кәсіпкер, «Оранж» гүл дүкендер желісінің директоры Абай Аймухамбетов тауарларды ілгерілету туралы айтса, ресейлік жазушы, блогер Екатерина Андрусевич «Тартылыс нүктесі» шеберлік сабағында бизнесте өз блогын жүргізудің маңыздылығытуралы айтты.

Іс-шара соңында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева студенттік жобалардың маңызын атап өтті.

«Кәсіпкерлікте өзіңді сынап көру – кез келген жағдайда жақсы тәжірибе. Ең бастысы, сіз өзіңізге жаңа нәрсе ашасыз, жаңа қабілеттерді дамытасыз, мүмкін сізге жаңа идеялар келеді. Кәсіп жолында ең табысты немесе ең бай болу міндетті емес. Ең бастысы – осы жолмен жүру. Бүгін сіздердің бастамаларыңыз бен жобаларыңыз бізді таң қалдырды. Өзіңе сенсең өмірде бәрі де мүмкін. Сіздердің әрқайсыңызға табыс тілеймін»,– деді Ақеркін Ералиева.

Стартапшыларға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жол сапасы жақсара ма: Қазақстан мен Қытай меморандумға қол қойды

02.05.2023

214 мың оңтүстік астаналық тұрғын өзін банкрот деп жариялай алады

05.01.2023

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа