No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Статистиканы “жақсарту” үшін қосып жазған 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды

22.06.2023
Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Түркістан облысында сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді “жақсарту” мақсатымен мал басын қосып жазған 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, “Қолжетімді жайылым” жобасының аясында 174 ауыл әкімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 498-бабы (“Статистиканы қосып жазу және бұрмалау”) бойынша жауапқа тартылған. Оларға жалпы 5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

“Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді “жақсарту” мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн га-дан 652 мың га дейін төмендеген”, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ведомство прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұның алдында бекітілген мағыналас жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысының прокуратурасы осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша агенттікке, Ауылшаруашылығы министрлігіне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныс жолдағанын да айта кетті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Боксшы Бейбіт Шүменов елордадағы сауда үйінде болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

12.07.2023

Самұрық-Қазына жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөліп отырады

13.04.2023

Ақмола облысында тігін кәсіпорындары жабылуы мүмкін

10.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа