No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022
Жаңалықтар, Айна
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында 100-ге жуық тұрғын талай жылдан бері жерін заңдастыра алмай келеді. деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Соның кесірінен ел жарық пен көгілдір газдан, басқа да мемлекеттік қызметтен қағылып отыр. Бұқара мұндай олқылықтың бәріне кезінде учаскелерді сатқан арадағы делдалдарды кінәлайды.

О баста нысаналы мақсаты шаруа қожалығын жүргізуге арналған Талдыбұлақ ауылындағы жерлер осыдан алты жыл бұрын 100 шақты адамға сатылған. Сол кезде жерді сатып ақшасын алған адамдар құжатын реттеп береміз деп елді сендіріп келген. Уәдеге иланған жұрт шама-шарқы келгенше қазір үйін салып тастаған. Алайда халық әлі күнге дейін құжатын заңдастыра алмай келеді.

«Басжоспарды көрсетті, қолымызға берді.  Араға уақыт салып, жер саяжай аумағында екен, Виноградов, Садовая, Вишневая көшесі болатынын айтты. Сосын қайтадан ауылдың аймағына қарайтынын айтып, құжат жасалады деп сендірді. Алты жыл созып келді», – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрболат Жабағиев

5 гектардай жердің иесі — жеке адам. Учаске төрт лекке бөлініп делдалдар арқылы жұртқа сатылған. Алайда олар тыраштанып тауып, жинап берген ақшамызды иесіне толық жеткізбеген көрінеді. Тұрғындардың айтуыша, ел жерін қожайынынан қайтадан сатып алуға мәжбүр болыпты.

«Тауып берем ақшаны, жасап берем дегеніне 4 жыл болды. Мен қазір үй де сала алмай отырмын. Балалармен қаңғырып пәтер жалдап жүрмін. Не деген сұмдық», – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Маржан Ербол.

Тұрғындар құжаттың дұрыс еместігіне қарамастан заңсыз үй салып алғанын мойындайды. Бірақ алаяқтардың арбауында түсіп, сенгенін жасырмады. Қазір бұқара жарықсыз, жылусыз отыр. Мектеп пен емханаға тіркелу де қиын.

«Не балаларымызды тіркеуге отырғыза алмаймыз, не балаларымызды дұрыстап оқытайық десек не жарық жоқ, не газ жоқ. Жан-жағымыздакөршілерден электр тоғын уақытша жалғап отырмыз», – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Айнұр Нүсіпбекова.

Жерді сатқандардан ешқандай қайыр болмайтынын түсінген халық аудан әкімшілігіне барып жерді қолдану мақсатын ауыстырып беруін талап етті. Ал оны ауыстыру үшін мемлекетке жердің кадарстрлық құнын төлеуі тиіс екен. Бірақ тұрғындар ол ақшаны бөліп төлеуді сұрайды.

«Бұл кісілер бәрі коллективно жиналып, сотқа арыз жазса, егер сот бөліп төлеуге бізді міндеттесе,  график жасап береміз. Заң бар. Енді біз заңнан аса алмаймыз ғой», – деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ермек Толқынов.

Жердің заңдастырылуы енді соттың шығарған шешіміне байланысты болмақ. Ал елдің ақшасын алып, уәдесін орындамағандардың атына облыстық прокуратураға арыз жазуға кеңес берілді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ауылда диірмен мен май шайқайтын жұмыс орын тұралап тұр

21.07.2022

Бизнес идеяны жүзеге асыруға грант ұтып ал. Шарттары қандай?

10.09.2022

Әулиекөл кәсіпкерлеріне өртенген бизнесі үшін өтемақы төленеді

12.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа