No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Таратылған 9 банк салымшылары ақшасын ала алды ма?

27.08.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114,3 млрд теңгеден астам қаржы төледі. 419 мыңға жуық салымшы өз ақшасын алды.
Осылайша 1 тамыздағы жағдай бойынша депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдер бойынша өз міндеттемелерін 99%-ке орындады, оның ішінде:
  • “Валют-Транзит Банк” АҚ – 17,9 млрд теңге;
  • “Қазинвестбанк” АҚ – 2,1 млн теңге;
  • “Delta Bank” АҚ – 129,0 млн теңге;
  • “Qazaq Banki” АҚ – 20,5 млрд теңге;
  • “Қазақстан Эксимбанкі” АҚ – 258,0 млн теңге;
  • “Астана Банкі” АҚ – 37,5 млрд теңге;
  • “Tengri Bank” АҚ – 17,6 млрд теңге;
  • “Asia Credit Bank (AзияКредит Банк)” АҚ – 18,8 млрд теңге;
  • “Capital Bank Kazakhstan” АҚ – 1,6 млрд теңге.
Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап кепілдік өтемақыны төлеу төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
Ал өтініш бермеген салымшылардың ақшасы олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аударылады. Осылайша депозиттерге кепілдік беру қоры 830,5 млн теңгені ерікті зейнетақы жарналары ретінде салымшылардың жеке зейнетақы шотына жіберген. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасы, сондай-ақ “электронды үкімет” порталы арқылы зейнетақы шотына ақшаның түсіп-түспегенін тексере алады.

Сондай-ақ төлем мерзімін орынды себептермен өткізіп алған салымшылар, олардың ақшасы зейнетақы шотына аударылса да, қаражатты қайтару үшін Депозиттерге кепілдік беру қорына жүгінуге құқылы. Ол үшін белгіленген өтініш нысанын өз қолымен толтырып, төлем мерзімі ішінде Қорға уақтылы жүгінуге кедергі болған орынды себептерді растайтын құжаттарды қоса ұсынуы қажет. Салымшылар өтініштегі қолдарын нотариалды куәландыра отырып, құжаттарды қордың поштасына да жібере алады.

Заңға сәйкес орынды себептерге мыналар жатады:
  1. әскери қызметке кіру,
  2. Қазақстаннан тысқары жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болу,
  3. мұраны қабылдау, мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептер,
  4. сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Әуе рейстері неге кешігеді? – Scat басшысы жауап берді

30.05.2023

Орнықты әрі сенімді құпиясөздерді қалай жасауға болады?

28.01.2023

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі

01.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа