No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

TikTok Қазақстанда цифрлық сауаттылық туралы науқанды бастайды

28.11.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
21
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

TikTok-тың негізгі басымдығы – қоғамдастық мүшелері шығармашылық арқылы өздерін еркін көрсете алатын жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Платформа пайдаланушыларды онлайн-қауіпсіздік негіздеріне оқытуға көп көңіл бөледі, сондықтан Қазақстанда «TikTok қауіпсіздік академиясы» алғашқы білім беру бастамасын іске қосады, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Бірінші науқан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және ата-аналардың жасөспірімдердің онлайн өміріне қатысуы туралы болады. TikTok ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жасөспірімдермен интернеттегі қауіпсіздік туралы ашық сөйлесуге және қосымшаның қауіпсіздік функциялары мен параметрлері туралы сөйлесуге үйрету үшін Қазақстандағы ата-аналарға арнайы «Отбасылық басшылықты» дайындады.

Сондай-ақ, науқан аясында танымал TikTok креаторлары платформаның қазақстандық қоғамдастығы үшін оқыту бейнероликтерін түсірді, ал пайдаланушылар арнайы квизға қатысу арқылы алған білімдерін тексере алады.

“Оның көмегімен латформа Қазақстандағы пайдаланушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға, интернеттегі қауіпсіз тәртіп туралы және платформада өздерін жайлы сезінуге көмектесетін TikTok құралдары туралы білімдерін кеңейтуге ұмтылады”, – делінген ақпаратта.

Науқанның бірінші бөлімі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының қауіпсіздігі мен цифрлық сауаттылығына арналған. Платформаның қазақстандық қауымдастығы үшін TikTok арнайы кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін платформаның функциялары мен параметрлері туралы ақпаратты табуға болатын «Отбасылық басшылықты» дайындады.

ЮНИСЕФ сарапшылары дайындаған басшылықтың жеке тарауында ата-аналарға жасөспірімдерді цифрлық тәрбиелеу және олармен интернет-ресурстарды пайдалану ережелері туралы коммуникация бойынша ұсыныстар бар. «Отбасылық басшылық» TikTok Қауіпсіздік орталығында қол жетімді.

Арнайы науқан үшін Қазақстанның танымал креаторлары ата-аналарға жасөспірімдерді онлайн қалай қорғау керектігі туралы білуді одан да ыңғайлы әрі оңай ету үшін «Отбасылық басшылықтан» пайдалы ақпараты бар оқыту бейнероликтерін түсірді.

Жобаға кәсіби футболшы Баламирза Әлиев, музыкант Baur Karbon @karbon.baur, сән туралы контент авторы Зи Марат @ohmybabyzee, ойын-сауық контентінің авторы Тимур Пирс @timur.pirs, отбасылық авторлар Арай Малгаждар @ariokkka, Марат Ягфаров @yagfunkyfamily, Юлия Пак @pak_lafamilia және басқа да талантты креаторлар қатысты, олар пайдаланушыларға TikTok-тағы жас шектеулері, жеке хабарламаларды бақылау, «Отбасылық теңшелімдер» функциялары және платформа қауымдастығының Қағидалары туралы айтты.

Бейнені көріп және «Отбасылық басшылықпен» танысқаннан кейін, пайдаланушылар ақпаратты қаншалықты жақсы қабылдағанын тексеру үшін арнайы квизға қатыса алады.

TikTok платформаның саясаты мен функционалдығын үнемі дамыта отырып, пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді жұмысын жалғастыруда.

  • Платформаның қауымдастық Қағидалары барлық TikTok пайдаланушылары үшін қауіпсіз және қонақжай кеңістікті қамтамасыз ететін нормалар мен жалпы тәртіп ережелерін белгілейді. Қағидалардың жеке блогы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне арналған.
  • TikTok 13 жастан асқан пайдаланушыларға арналған. 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі аккаунттар платформадан жойылады. 18 жасқа толмаған пайдаланушылар тікелей эфирлер жасай алмайды және виртуалды сыйлықтар жібере алмайды, 16 жасқа толмаған пайдаланушылар жеке хат алмасуды жүргізе алмайды, ал 13-15 жастағы пайдаланушылардың аккаунттары әдепкі бойынша жеке болып табылады.
  • «Отбасылық теңшелімдер» функциясы ата-аналар мен жасөспірімдерге қауіпсіздік параметрлерін олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес реттеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ ата-аналар мен қамқоршыларға TikTok есептік жазбасын жасөспірімнің есептік жазбасымен байланыстыруға және оның есептік жазбасының бірқатар қауіпсіздік және құпиялылық параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздік орталығы ата-аналар мен жасөспірімдерге TikTok-та қауіпсіздік, құпиялылық және қорғау тәсілі туралы көбірек білуге көмектесетін нұсқаулықтарды біріктіреді. Ақпараттық портал платформадағы қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен ата-аналарға арналған нұсқаулықтарды, буллингке қарсы күресті, суицид пен өзіне-өзі зиян келтіру туралы контент саясатын және т.б. көрсететін бірнеше бөлімдерден тұрады.

Айта кетейік, ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін іске асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте ең аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аударады; балалардың игілігі үшін, әлемнің түкпір-түкпірінде.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарыз алушы өзінің кредиттік тарихын түзету үшін тағы  нені білу керек?

19.01.2023

Қазақстан биылдан бастап Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдайды

10.03.2023

Мемлекеттен қолдау алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі азайды

21.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа