No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Торғайдағы өрттен бизнеске 200 млн залал келген

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы  жедел штабтың жұмысына белсенді араласып келеді. Өрт аймағында зардап шеккен кәсіпкерлерге консультациялар өткізіп, кәсіпорындардың шығынын апат орнына барып бағалап, паспорт дайындайды. Бизнестен түскен көмекті жинап, бизнеске табыстайды. Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте ӨКП директоры Данияр Күзенбаев хабарлады.

07.09.2022
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазір бүлінген бизнес нысандарының саны – 18, оның ішінде Әулиекөл ауданында – 17, Қарасу ауданында – 1. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жабдықтарынан 1 комбайн, 1 трактор жанып кеткен.

12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залал сомасы 200 млн теңгеден асады, ал 6 нысан залал сомасын анықтап жатыр. Дәмхана, ТҚКС, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілері сияқты шағын бизнес өкілдері зардап шегіп отыр.

«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдайдың алғашқы сағаттарында жедел штаб құрылды. Онда зардап шеккен кәсіпкерлер, сондай-ақ елдегі бизнес өкілдерінің Қостанай облысына жіберетін көмегіне қатысты ақпарат жиналады.

«Мен Өңірлік кеңес мүшелерімен бірге Әулиекөл ауданына зардап шеккендерге азық-түлік, киім және басқа да гуманитарлық көмекпен екі рет бардым. Сондай-ақ, біз қаржы мекемелерінің басшыларымен қарыздарды есептен шығару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Банктер қаржы мекемелерінің атына жазылған тиісті хаттарды қарап жатыр. Мүлігіне залал келген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру акті әзірленді, нысандарды фото және видеоға түсіріп жатыр. Өрттен зардап шеккендердің толық тізімін, соның ішінде залал сомасы мен несиелік берешекті анықтау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қоңырау шалу жалғасып жатыр», – деді Данияр Күзенбаев.

Қазақстандық кәсіпкерлер өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін шамамен 200 млн теңге (Kostanay Music Fest – 50 млн теңге және «Агромашхолдинг КЗ» ЖШС Allur зауытымен бірлесіп – 100 млн теңге), сондай-ақ 56 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады. Қостанай халқын Қазақстанның әр түкпіріндегі өңірлік кәсіпкерлер палаталары белсенді қолдап отыр.

6 қыркүйекте Шығыс Қазақстан Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан жолданды. Сондай-ақ, Түркістан облысынан 3 жүк көлігі, мектеп формасының жаңа жиынтықтары бар 2 жүк көлігі, Ақмоланың кәсіпкерлер палатасынан азық-түлік келді.

Бүгін гуманитарлық көмек тиелген фуралар Түркістан облысы, СҚО, Шымкент, Нұр-Сұлтан өңірлік палаталарынан шықты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Араб елдеріне қой етінің экспорт көлемін ұлғайтылуы мүмкін

25.11.2022

Ақмола облысында тігін кәсіпорындары жабылуы мүмкін

10.11.2022

Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды

13.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа