Қазіргі кезде осы кәсіпорындарда шұғыл штаб құрылды. Ал қызметкерлер оқиға орнында жүр. Штаб зардап шеккендерді тасымалдауға және өрт салдарын жоюға арналған көліктерді дайындап қойды. Қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек сатып алынды. Зауыттарда эвакуация пунктері де жасақталды.
“Кешеде бері зауыттардан 8 автобус жіберілді. Бұдан бөлек, 7 тоналық жанар-жағармай құю көлігі барды. Еріктілер дайын отыр, олардың ішінде дәрігерлер мен психологтар бар”, – дейді Allur зауытының директоры Сырым Семейбаев.
Айта кетері, Қостанай облысындағы орман өрті 43 мың гектарға шарпыды. Тілсіз жау әлі тоқтатылған жоқ. Бір адам қаза тапты. 100-ден астам құрылыс нысаны жанып кетті.