Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ер адамның құстарға атқан оғы жасөспірімге тиді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қайғылы оқиға 8 шілдеде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында болған.
«Серіктестіктің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі “Абайсызда қазаға ұшырату” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ведомство.
Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келген.
«Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама жасалып жатыр. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталуда», – дейді полиция.