No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп директорлары төбелесті

23.06.2023
Жаңалықтар
Видеодан скриншот
571
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz. Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасы төбелестің екі жыл бұрын болғанын мәлім етті. Бейнежазбаның неліктен Қазнетте енді тарап кеткенін басқарма нақтылаған жоқ. Алайда мектеп директорлары қатаң сөгіс алғаны белгілі болды.

«Оқиға Түркістан облысының білім басқармасының бақылауына алынған. Бұл бейнеролик бойынша мектеп директоры түсініктеме берді. Оқиға 2021 жылы туысының үйінде болған. Бейнежазбадағы жағдайға келсек, ол бұл оқиға болған кезде спирттік ішімдік ішпеген, ашуланғандықтан әдепсіз сөздер айтқанын мойындады. Директорға қатаң сөгіс жарияланды», – деп хабарлады Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Видео авторы мектеп директорының ұлы полиция инспекторы екенін, сондықтан әкесінің ерсі қылығына көз жұма қарайтынын айтады. Тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып немесе растаған жоқ. Бірақ олар әріптесінің әрекетін қызметтік комиссия тексеретінін хабарлады.

«Бұл оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 2 жыл бұрын болған. Аталған дерек бойынша ешкім полицияға арызданбаған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында бұл факті отбасылық жанжал болып шыққанын анықтады. Яғни, видеодағы ер адамдар бір-біріне туыс болып келеді. 2021 жылдың маусымында туыстар арасында отбасылық мереке өткен, сол кезде түсініспеушілік болған. Артынша жанжалдасып қалған екі ер аадм қайта татуласқан. Қазіргі уақытта оқиғаға учаскелік полиция инспекторының қатысы бар-жоғын және оның тарапынан қандай да бір заңбұзушылық дерегінің болғаны анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

9 ай ішінде мемлекетке шамамен 11 трлн теңге салық түсті

15.10.2022

Астық экспорттаушыларға қосылған құн салығы тексерусіз қайтарылады

14.06.2022

Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болды

09.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа