Биыл «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 9 жыл толуына орай, өңірімізде алғаш рет – TEDx форматында «Кәсіп Talks» форумы ұйымдастырылды. Форумға 300-ден астам кәсібін енді бастайтын жастар және кәсіпкерлер қатысты, деп жазады kazbusiness.kz.
Форум облысымыздағы кәсіптің дамуына өз үлестерін қосып жүрген, қиын кезеңдерде қолдау көрсеткен бизнес өкілдерін марапаттаумен басталды. Өңірімізден 22 кәсіпкерге алғыс хат, және бір кәсіпкерге медаль берілді.
Ұлттық палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы шақыртылған спикерлер өзі жеткен жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, кәсіпкерлер үшін тегін интенсив және шеберлік сыныптарын өтті. Бизнесті жүргізудің түрлі салаларынан құралған сарапшылар кәсіп мәселелерін шешуде қолданылатын алгоритмдерімен, тәжірибелік кейстерімен бөлісті.
Шымкент қаласынан шақыртылған және өңіріміздің спикерлері өздерінің шабыттандыратын әңгімелері мен қызықты оқиғаларын айтып берді.
Мысалы, облысымыздағы ең беделді кәсіпкерлердің бірі – Уйгын Ибрагимұлы «Азия Brend» жиһаз фабрикасының негізін қалаушы, өз жиһаз фабрикасын құрған кездегі қиыншылықтарымен тәжірибесімен бөлісті. Қарапайым тілмен бизнестегі тұрақты басқару: хаостан құрылымға дейін. Қарқынды даму барысында негізгі іс-әрекеттер: компанияны тұрақты менеджмент негізінде басқару жүйесін құру және тауарларды сату.
Жобаларды ондаған жылдарға жоспарлау қажет, деп атап өтті 12 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер Уйгын Ибрагимұлы. Ол өз өндірісінің өнімдерін нарыққа жылжыту әдістерімен бөлісті. Басында бір айда бір ғана тапсырыс алған болса, қазір айына 3000 жиһаз шығарып, 3 адамнан құралған цех – 200 адам қызмет жасап отырған алпауыт фабрикаға айналған.
Шадай Мақпал Шымкент қаласынан келді. Ол – «Минсвел» SMM агентігінің негізін қалаушы. Қарапайым тілмен SMM деген не, қазіргі заман талабына сай, кез келген бизнеске қажет болып отырған SMM – нің қыр-сырын, әлеуметтік желі барлық каналдарына қолданатын маркетингтік құралдар туралы толық айтып берді. Мақпалдың айтуынша кәсіпті бастамас бұрын, ең алдымен өз білімін жетілдіру қажет, ол – өз біліміне 3 млн теңге қаражат жұмсаған. Ағашқы кәсіп бастаған кезінде командасында 4 қызметкер алып, айлық табысы бір жылда бір миллионға жетсе, бүгінде таргетология курсын 500-ге жуық студент оқытып, ай сайын 5 млн теңге табыс тауып отыр.
Үшінші спикеріміз, Берикбаев Диас – туристік агенттіктің негізін қалаушы. «HumbleFox» құрылғанына үш жыл, десекте 11 000 туристерді 110 үлкен турға, әлемнің 12 еліне, еліміздің 30 туристік мекеніне алып шыққан, жылына 500 млн теңге тауарайналымы бар туристік агенттік. Диас өз кезегінде саяхаттаудың ең арзан қолжетімді түрлерімен, бұл кәсіп түріне еш бастапқы капиталсыз бастауға болатынын, ең бастысы тек ниеттің дұрыс болуы қажет екенін атап өтті.
Төртінші спикер, Сырғабаев Марат – кәсіпкер, медиамаркетинг агенттігінің басшысы, мобилография, таргет, медиа арқылы жылжытудың қыр-сырын ашты. Марат қол астында 22 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, айына 5 млн теңге табыс тауып отыр. Ресейдің атақты жұлдыздары Моргенштерн, Портнягинмен, АҚШтың боксшысы Флойд Майвизермен келісім-шарт жасасып, әлеуметтік желілеріне контент жоспар жасап отырғанғандығын айтып өтті.
Кангелдиев Ержанның сөзі тыңдаушыларға десертке қалдырылды. Ол – консалтингтік компания басшысы, бизнес – коуч, биылдыққа 320 шәкірт оқытып жеке сүйемелдеп, оның 206-сы өз кәсібін ашқан. Ол – кәсіп бастағанда ең бірінші мақсатты дұрыс қоя білу керектігін айтып өтті. Ең көп таралған мақсаттар, мақсат түрлері, арманды мақсатқа трансформациялауды, бизнестегі мақсат қою – бұл ең үнемді (рентабельді) жолдармен жетуге болатын және мақсаттарды құру көзқарасынан адамның өз қызметін тәжірибелік тұрғыда ұғыну. Мақсаттардың SMART талаптары бойынша құру, өз әрекеттер жоспарын тіркеп үйрену, өз жоспарларыңыз бен міндеттеріңізді көрнекі және нақты етудің бірнеше әдіс – тәсілдерін, сондай-ақ «Гант диаграмамасы» туралы өз фишкаларымен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында 160 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Оның 52%-ға жуық 83 мыңдай кәсіпкерлер ауылшаруашылық саласында қызметтерін атқаруда.
«Кәсіпкерлерге үлкен құрмет көрсету керек: пандемия немесе түрлі санкциялар салдарынан болған дағдарысқа қарамастан, өсіп, дамып келеді. Мемлекет басшысы Жолдауында келесі жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% – бен жеңілдетілген шағын несие берудің жеке тетігі іске қосылатынын атап өтті. Бұл кәсіпкерлік бастамасы бар жастар үшін кең мүмкіндіктер ашады. Соның арқасында елімізде жаңа толқынның жүздеген кәсіпкерлері пайда болады», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директор міндетін атқарушы Асылан Ибадуллаев.
әсіпкерлер палатасының өңірлердегі маңызды функцияларының бірі-кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Республикалық және жергілікті деңгейлерде барлық әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді, барлық сатыдағы соттарда бизнес құқықтарын қорғайды, проблемалық мәселелерді шешуде бизнес пен атқарушы билік арасындағы диалог алаңы болады. Бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастыру шеңберінде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасына биылғы жылдың басынан бері бизнесті қорғау бағыты бойынша 93 өтініш келіп түсті, жалпы алғанда өтініштердің 36% – дан астамы шешілді, қалғандары жұмыста. Айыппұлдар мен өсімпұлдар алынып тасталды, контрагенттердің шарттық міндеттемелері орындалды, мүлік қайтарылды және хабарлама жойылды. Нәтижесінде өңір кәсіпкерлерінің 12 млрд теңгеге жуық сомаға мүліктік құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес ашу және жүргізу бойынша 1285 кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестерді алды.
АӨК саласында Палата «Кең дала» бағдарламасы аясында «көктемгі дала жұмыстарын» қаражыландыру мәселесі, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде қаржы ұйымы арқылы тікелей несие ала алмайтын мақта дақылын өсіруші шаруаларға мақта өңдеу зауыттары арқылы несие қаражатын беру қарастырылды. Жылыжайлардың тұқымдар мен тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесі шешімін тапты. Мал шаруашылығы объектілерінің есептік нөмірін көрсету бойынша талаптардың жойылуына да қол жеткізілді. Былтырғы қуаңшылық жағдайына байланысты, өңірдегі ірі сүт-тауарлы фермалар мен құс фабрикаларына жемге қосымша 1 млрд теңге көлемінде субсидиялау қарастыру ұсынылып, оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, Өңірлік Кеңесі жанындағы Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің жұмысы нәтижесімен бірқатар өткір болып тұрған шаруалырдың ағын су мәселелері шешімін тапқан. Атап айтсақ, ол Мақтаарал ауданындағы Казсушар мекемесінің су пайдалануды дурыс реттемеу салдарынан туындаған мәселелер шаруалардың талабына сай қанағаттандырылып шешімін тапты, сондай-ақ Отырар және Сауран ауданында су жүйелерінің қалпына келтіру жұмыстарында орын алған кемшіліктерді түзеуге ықпал жасалды. Одан бөлек, жергілікті Турансу ағын су тарифін көтеру ұсынастарына келіспей, тариф бағасы тұрақтандырылды. (321 тг/1000м3).
Жылдағы жүйелі проблема тыңайтқыштың тапшылығы мәселесі де шешімін тапты, оңтайлы мерзімдерде кешіктірілмей уақытылы жеткізілуіне КазАзот мекесімен келісіліп, қамтамасыз етілді. Биыл былтырғы кемшіліктерді қайталамау мақсатында, тыңайтқыштар Колдау жүйесі арқылы электрондық контрактылер арқылы атқарылды. Одан бөлек, жеңілдетілген дизель отыны таратылу барысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері бойынша Антикорға мәлімет беріліп, осы проблема республикалық деңгейде Ауылшаруашылығы министрлік өкілдерінің қатысуымен Комитет отырысында талқыланып, нәтижесінде біздің облысқа күзгі дала жұмыстарына қосымша 5 мың тонна жанар жағар май бөлінді. Жылда 42000 тонна бөлінсе былтыр 47000 тонна игерілді. Биылғы жылы бұл проблема кәсіпкерлік палатаның қадағалауы арқасында орын алмады.
«Бүгін мен өзім үшін көптеген жаңа ақпараттарды естідім: ақша, SMM , маркетинг, медиа, даму және т.б. Спикерлердің дәл осындай құрамын жинағаны өте керемет. Керемет атмосфера әрі оның үстіне бұл тегін. Іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Атамекенге» рахмет, өте заманауи», – деді форумға қатысушы, жас кәсіпкер Ақмарал.
Іс-шараның мұндай форматы әрдайым кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өзінің тоғыз жылдығын атап өтуде. Палата үшін өте маңызды күн, өйткені кәсіпкерлер палатасы қиын уақытта құрылды. Бүгін бизнесті қолдау үшін көп нәрсе жасалды деп айтуға болады. Іскерлік ахуал бизнес пен биліктің бірлескен күш-жігерімен құрылады. Бұл үдерісте Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының атқаратын рөлін жете бағаламауға болмайды. Кәсіпкерлер палатасының алаңы мен және әріптестерім үшін пікір білдіру, мәселелерді шешу алаңына айналды. Өңірлік кеңестің мүшесі ретінде мен үшін бизнестің әрбір үндеуі маңызды. Біз барлығымыз қоғамдық негізде жұмыс істейміз», – деді Дильдар Хабибова.
Айта кетейік, Кәсіпкерлер қарқынды алаңды пайдаланып, «Атамекен» атына келген құттықтауларға қосылып, өз жылы лебіздерін білдірді.