No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанда автокөлікке арналған фильтр өндіріледі

Бүгінде темір тұлпарды тізгіндемеген адам кемде кем. «Ер қанаты-ат» деп айтатын едік енді ол қанат  көлікке ауысты. Заман талабы, өмір ағымы  автокөлікті қажет ететін күнге жеткізді. Ал, темір тұлпардың бөлшектерін ауыстыру, құрау ол бір мәселе. Бүгінгі біздің кейіпкер бұл жағдайдан жол тапқан.    

20.09.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Көлік міну сәнде емес. Ол 90 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында болған тенденция еді. Киімдегі сән іспетті сол кезде көліктің маркасына қарап темір тұлпарды тізгіндейтін. Ал, қазір ол уақыт өтті. Адамдар көлікті сән үшін, мақтан үшін емес күнделікті тұрмысқа қажет болғаннан кейінде пайдаланады. Жасыратыны жоқ бүгінгі таңда темір тұлпар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Айшылық алыс жерлерді қысқартып, діттеген жеріңе тез жеткізе қоятыны кімгеде болса ұнары сөзсіз. Алайда судың да сұрауы бар дегендей, қызметіне жүгінгеннен кейін оғанда күтім мен бап қажет. Қала берді саймандары мен бөлшектерін ауыстырып жаңартып тұру қажет. Әйтпесе тозығы жетіп қолданыстан шығып қалады. Көлігіңіз бәйгеге шапқан аттай болдырып қалатын жағдай болмайды деп ешбір көлік жүргізушісі айта алмас. Осы тұста көлік иесі қажетті бөлшектерді сырттан алдырып, өзгенің қалтасын қампайтып жататыны бар-ды. Ендігі кезекте бұл олқылықтың орны толды. Себебі, автокөлікке қажетті бөлшектерді өзіміздің жерлесіміз жасап шығарады.

Түркістандық кәсіпкер Исламбек Жандар автокөлік бөлшектерін құрастырады. Оңтүстік қазақстандық жас кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардың (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Тапсырыста аз емес, тұтынушыларының қатары еселене түсуде.

« Кәсіп бастағысы келетін әр бір адамға мүмкіндік мол. Жұмысқа деген ынта мен жаңа жобаңыз болса мархаббат. Сізге ешкім кедергі келтіре алмайды. Бүгінде ауадан ақша жасап отырғандарды көргенде таңданысымызды жасыра алмаймыз. Бірақ, ебін тапсаң әр нәрсені кәсіп көзіне айналдыруға болады. Қолдағы бар мүмкіндікті пайдалану арқылы жетістікке жету өз қолыңызда»- дейді кәсіпкер мырза.

Қазақ баласының бұндай істі қолға алғаны құптарлық. «Өзгенің қаңсығы өзгеге таңсық» деп,  халық қашанғы өзгеге желініп күн кешеді. Бұл да берекелі бастама болды. Кейіпкеріміз  жерлестеріне өзі өндіріп шығаратын автобөлшекті сату арқылы алғыс алып, пайдаға кенеліп жатқан жайы бар.  Адал іс қашанда оңынан болмақ.  Сол іспетті сатушыныңда, сатып алушының да көңілі орнында. Қолымнан келгенше сапалы етіп жасауға тырысып бағамын деген кейіпкеріміз тәулігіне 1000 данаға дейін өнім шығарады. Ең бастысы, бұл дайын дүниеге қажетті шикізаттың 70-80 пайызы – отандық өнім.  Тек керек қағазы ғана Қытайдан әкелінеді екен. Жас кәсіпкер енді сол дүниені де осында өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар ауыр жүк көліктеріне арналған ауа тазартқыштар біздің нарыққа көрші Қытай және Еуропа елдерінен жеткізілетін еді. Енді Түркістандағы Исламбектің шағын ғана цехында өндіріліп жатыр

Шағын цехтың иесі бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырған Исламбек отандық өнімнің көлемін 100 пайызға жеткізіп, яғни Қытайдан әкелінетін шикізат қағазды да осында шығаруды келер жылы бастауға тәуекел етіп отыр. Ол кезде қосымша жұмыс күші де қажет болады . Қазіргі таңда Исламбек Жандардың цехында бір айда ауа, май және бензин тазартқыштың 280-нен астам түрінен 25 мың данасы шығарылады. Алдағы уақытта оның көлемі еселеп артпақ.

Түйін. Нарықта дес бермеген шетелдік өнім енді өзімізде шығады. Бұл ел әлеуетінің дамуының бір көрінісі. Шет ел асып келетін көлік бөлшектеріне қол жетімділік артты. Алдағы уақытта соңғы шиіне дейін өзімізде өндіреміз деп айтқан кейіпкер сөзіне сенетін болсақ бұдан былай қазақстандық көлік жүргізушілері автобөлшекті алуда ешқандай қиындыққа кезікпейтін болады. Дамығын заманда, дамушы елде осындай кәсіпорынның бой көтеруі  ел үшін үлкен жетістік.  Бұл бір ғана Исламбектің қуанышы емес, күллі қазаққа ортақ қуаныш. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Ел болып барша кәсіпкерлерге қолдау көрсетсек бұдан жақсы жетістікке қол жеткізеріміз сөзсіз. Бір ғана адамның пайдасы емес тұтас ұлттың пайдасы деп қарасақ бізде өркендеу болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кинотеатр қызметтері бір жылда 12%-ға қымбаттаған

20.04.2023

29 тамыз: валюта бағамы қандай?

29.08.2022

Фенер мен Балат: түрлі-түсті көшелерімен тартымды

15.10.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа