Түркия мемлекетінің Адана провинциясында магнитудасы 4,9 баллды құрайтын жер сілкінісі орын алды деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Ресми деректер бойынша, сейсмикалық жағдай Саимбейли қаласында сағат 15:46 шамасында басталған. Жер сілкінісінің тереңдігі 6,67 километрді құраған.
Зардап шеккендер мен шығын саны туралы әзірге нақты дерек жоқ.