Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан құтқарушылар марапатталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Түркияда болған зілзаланың салдарын жоюға жұмылдырылған Төтенше жағдайлар министрлігінің 66 қызметкері жоғары наградамен марапатталды.
Оның ішінде, 8 маман Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» орденін иеленді.