No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады

05.05.2023
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан Ұлттық банкі өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды kazbusiness.kz. 

Ұлттық банктің мәліметінше, өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтар негізінен биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін баяндайтын жарнамалық роликтерге толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды.

“Алайда олар сипаттайтын қаржылық дамуға қатысты бағдарлама шын мәнінде жоқ. Мұндай ресурстар әлеуметтік желілерде, соның ішінде YouTube видеохостингінде жарнама арқылы белсенді түрде насихатталып жүр”, – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Ұлттық банктің хабарлауынша, фишинг сайттарда алаяқтар танымал тұлғалардың атынан да жалған ақпарат таратып жатады. Ондай сайттарда қолдан жасалған лицензиялар мен өзге де құқық белгілеуші құжаттар болады. Сондай-ақ алаяқтар адамның сеніміне кіру мақсатында жалған ресурстарында инвестициядан түсетін болжамды пайданың калькуляторын да орналастырып қояды.

“Мысалы, кейбір анықталған алаяқтық схемаларда биржалық саудада ақша табу үшін сайтта тіркелу кезінде ақшалай салымды талап етеді. Кейін алаяқтар желі пайдаланушысына сауда шоты ашылғаны туралы Ұлттық банктің атынан сертификат жібереді. Ол сертификатта Ұлттық банктің логотипі, жалған қолы мен мөрдің суреті және банктің жалған қызметкерлері туралы ақпарат жазылады”, – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Бұл ретте, Ұлттық банк мұндай ресурстардың алаяқтық әрекетін төмендегі белгілерден байқауға болатынын атап өтті.

  • фишинг сайттарда қысқа уақыт ішінде қомақты табыс мөлшерін уәде ететін жалған ақпарат қамтылады, бірақ байланыс деректері көрсетілмейді;
  • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.

Осы орайда Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоты бойынша қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейтінін, мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайтынын еске салды.

Сонымен қатар, Ұлттық банк активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланғанын да айта кетті.

“Егер сіз немесе таныстарыңыз алаяқтардың құрбаны болса, алаяқтық фактісіне қатысты іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгіне аласыз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады”, – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ғимаратты жалға алу кезінде нені ескеру керек?

25.01.2023
фото: ашық дереккөз

Тиімсіз кәсіп: Қазақстанда өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлардың аумағы қысқаруда

11.07.2023

Күдебаевке қашуға көмектескендер Қырғызстанда ұсталды

23.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа