No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды

24.02.2023
Жаңалықтар
107
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұру қажет.

“2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляция өсу қарқынын жалғастырып, 20,7% болды. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі басты қозғаушы күш болып қалуда. Айлық инфляциятөрт ай қатарынан 1,1%-ға дейін баяулады (2022 жылғы қыркүйектегі 1,8%-дан), бірақ әлі де орташа тарихи мәннен асып отыр. Айлық инфляция сияқты базалық инфляцияның көрсеткіштері де баяулап келеді, бірақ, жоғары деңгейде қалыптасуда”, – деп хабарлады ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Ұлттық Банк мәліметінде жаһандық инфляция баяулай бастағаны көрсетілген.Бұған энергия ресурстарына бағаның төмендеуі мен жеткізу тізбегіндегі жағдайдың біршама жақсаруы әсер етті. Болжам бойынша, жаһандық инфляция біртіндеп баяулап, ол орталық банктердің қатаң монетарлық саясатын жүргізуімен, сондай-ақ әлемдік экономиканың әлсіз өсуімен қатар жүретін болады. Өз кезегінде сауда әріптес елдердегі инфляцияның төмендеуінің әсерінен Қазақстандағы тұтыну бағасына қысым әлсірейтін болады.

“2023 жылы Қазақстандағы фискалдық ынталандыру мен Ресейдегі инфляцияның динамикасына қатысты белгісіздікке байланысты болжамның ауқымы кеңейтілді. Болжам бойынша, биыл базалық сценарийде жылдық инфляция 9-12%, 2024 жылы – 6-8%, 2025 жылы – 4-6% шегінде қалыптасады. Өткен жылғы жоғары база әсерінен жылдық инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың I тоқсанында күтілуде”, – делінген ҚР Ұлттық Банкінің хабарламасында.

Сондай-ақ Ұлттық Банк мәліметінше, Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжамдар жақсарды. Осылайша, 2023-2025 жылдары ЖІӨ-нің өсуі 3,5-4,5% деңгейінде күтіледі.

Дегенмен, ҚР ҰБ азық-түлік, жанар-жағармай бағасы әлі де тез өсуі мүмкін екенін хабарлайды. Оған Ресейге салынған санкциялардың да әсері бар.

“Жеміс-жидек пен көкөніс нарығындағы ұсыныстың күтпеген өзгерістеріне байланысты азық-түлік бағасы тез өсуі мүмкін деген тәуекелдер де сақталып отыр. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының реттелетін қызметтеріне тарифтердің және жанар-жағармай бағасының уақыты келген реформалары тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына баға өсімін жеделдетуі мүмкін. Сыртқы әлемнің қосымша инфляциялық тәуекелдері мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі, рубльдің әлсіреуі мен санкциялар аясында Ресей Федерациясында инфляцияның айлық көрсеткіштерінің ықтимал жеделдеуіне байланысты. Бұл факторлар базалық сценарийдің алғышарттарында ескерілмеген. Болашақта олардың іске асуы болжамның өзгеруіне әкелуі мүмкін”.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

1 миллион теңгемен бастауға болатын 6 кәсіп

31.12.2022

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлерге 16 млрд теңгеден астам қаражат төленді

30.12.2022

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді

21.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа