No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық палатада субсидия және қантпен қамту мәселелері талқыланды

29.09.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық палата алаңында Тамақ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы өтіп, мемлекеттік қолдау көрсететін тауарлардың тізімінен АӨК өнімінің алып тасталған түрлерін қайтару, сондай-ақ ақ қантты ЕАЭО елдерінен импорттауға қойылатын бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізу және саладағы басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан астық өңдеушілер одағы» ЗТБ президенті Әлихан Талғатбек «сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге» қатысты сауда министрінің м.а. бұйрығына сәйкес, субсидия алатын өнімдердің тізімінен АӨК өңделген өнімінің алып тасталған түрлерін қайтару мәселесін көтерді.

«Субсидия алатын өңделген өнімдердің тізіміне ұн да, құрама жем кірмей қалды. Бұлар – негізгі өңделетін өнімдер. Сәйкесінше, бұл кейін экспорт көлеміне, өңдеу өнеркәсібінің жұмысына кері әсер етеді. Ұлттық палатаға бір тізім келген, бірақ басқа тізім бекітілген. Оны тіпті Ауыл шаруашылығы министрлігімен келіспеген. Онсыз да бидай өңдеушілердің, жем дайындайтындардың жағдайы мәз емес. Енді бұл жеңілдіктен де құр қалсақ жағдай қиын болады. Жыл сайын мал шаруашылығы дамып жатыр, ал оның жемін дайындау әлсіреп келеді… Салаға өзгеріс керек. Біздің ұсыныстарымыз бар. Соған Ұлттық палатадан, Комитеттен қолдау күтеміз», – деді Әлихан Талғатбек.

Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Ерік Балапанов алдағы уақытта бұл мәселе шешілетінін айтты. Айта кету керек, проблеманы Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова да Парламент қабырғасында көтерген болатын.

Отырыста ақ қантты ЕАЭО елдерінен импорттауға қойылатын бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізу де талқыланды. Жағдайды «Қазақстандық қант және тамақ өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті Айжан Наурызғалиева баяндады. Ол мемлекеттік органмен шетелден келетін қант бағасы іштегі зауыттардың бағасынан төмен болмау керек деген келісім болғанын мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігімен қант саласын дамытудың жол картасы әзірленді. Оған біздің ұсыныстарымыз, оның ішінде суармалы жерлер бөлу, сумен, тұқыммен қамту енгізілді. Осы ұсыныстар қабылданса, алдағы бес жылда зауыттарымызды шикізатпен қамтимыз деген үміттеміз. Қазір өкінішке қарай, жағдай қиындау. Мысалы, жыл басында Алматы және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылық басқармалары қант қызылшасын егетін 12,3 мың га жер бар деген болатын. Бүгінде екі облыста шамамен 9 мың га екенін анықтадық. Тиісінше, қызылшаны өзіміз жоспарлағаннан аз аламыз. Оптимистік болжам бойынша қызылша шикізатынан 40-45 мың тонна қант ала аламыз. Сондықтан Сауда министрлігі қант зауыттарымен кездесіп, ішкі нарықты қамту керегі айтылды. Біз қант зауыттары мемлекеттен керек жабдықтарды алу үшін заем беріледі деген келісімге келдік. Өкінішке қарай, әлі меморандумға қол қойылмады. Келісетін мекемелер талқылап жатыр», – деді Айжан Наурызғалиева.

Ұлттық палата АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев аталған жол картасын әзірлеу үшін ауқымды жұмыс атқарылғанын айтап өтті.

«Біз суармалы жер, сумен қамту, айналым қаражаты, жалпы 46 пунктен тұратын үлкен құжат дайындалды. Әр пункт бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, бағдарлама егжей-тегжей талқыланды», – деп атап өтті Ербол Есенеев.

Сонымен қатар, жиында қантты қажет ететін өнімдерді таңбалауға қатысты мәселені комитеттің келесі отырысында талқылау келісілді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы бекітілді

22.08.2022

Потенциалды NJ транзиттік ереуілдері: коммутатордың келіссөздері туралы нұсқаулар жалғасуда – ABC7 New York

15.05.2025
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

28.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа