Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 1,4 трлн теңгеге азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында айтты.
“Жалпы Ұлттық қордан республикаға баратын кепілдендірілген трансфер және басқа да трансферлер келесі жылы 1,4 трлн теңгеге азаяды. Біздің негізгі мақсатымыз – мұнай емес бюджеттік тапшылықты төмендету”, – деді министр.
Әлібек Қуантыров бұл үшін министрлік алдында экономиканы әртараптандыру, салық базасын кеңейту міндеті тұрғанын айтты.
“Биыл республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті екі бюджеттік жаңа ереже пайдаланатын болды. Олардың негізгі мәні – трансферттердің көлемін шегеріп, кейін барлық республикалық бюджеттің де шегін қойып, экономикалық өсудің соңғы он жылда орташа деңгейін аспау керек. Жалпы, осындай құралдармен біз тиісті саясатты жүргізетін боламыз. Ал Ұлттық қордан трасферттер көлемі азаяды”, – деді министр.