No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында азық-түлік тауарлары бір айда 2,4 пайызға қымбаттаған

Биыл қараша айының қорытындысыда азық-түлік тауарлары бір айда 1,8 пайызға, бір жылда 24,1 пайызға қымбаттады.

10.12.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Energyprom.kzпорталының мәліметінше, ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды – 2,4 пайыз. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті. Яғни, әр өңірде 2,2 пайызға қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді – бірден 31,4 пайыз. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында – әр өңірде 25,8 пайыз. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – 22,6 пайыз.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4 пайыз қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9, көкөністер 11 пайызға өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8 пайызға қымбаттап, келісі 867 теңгеге, апельсин 26,2 пайызға қымбаттап, 959 теңгеге, алма 11,3 пайызға қымбаттап, 528 теңгеге, лимон 8,6 пайызға қымбаттап, 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік 65,4 пайызға қымбаттап, 3,8 мың теңгеге жетті.

Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8 пайызға қымбаттап келісі 691 теңгеге, пияз 26,5 пайызға қымбаттап, 116 теңгеге, қызанақ 14,4 пайызға қымбаттап, 678 теңгеге, картоп 9,9 пайызға қымбаттап, 155 теңгеге жетіп отыр. Ақ қырыққабат (16,5 пайыз), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады.

Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1 пайызға қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің келісі орташа есеппен – 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылуда. Тауық етінің келісі — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20 пайыз қымбат.

Бір жылда нан бағасы – 19,3, жарма – 36,8, макарон өнімдері – 42,2, ұн 43,7 пайыз өсті.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі – 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн – 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне – 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе 1,1 мың теңгеден саудаланды.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Шелек ауылының маңы қоқыс полигонына айналды

26.01.2023

Несие тарихын реттеудің қандай амалдары бар?

13.12.2022

Несиесін төлей алмаған адам өзін банкрот деп қалай жариялайды?

23.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа